ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН КІШІ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ.

2020 жылдың 10-13 наурыз аралығында Түркістан облысы, Шардара қаласында грек-рим күресінен 2005-2006 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақсатан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 26 құрамадан 413 жас балуандар бақ сынасты. Жарыс қортындысы бойынша Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылары қоржынында – 1 алтын және 2 қола медаль. Атап айтсақ:

  • Жиенғазин Ерасыл (85кг) - І орын;
  • Қуаныш Бағлан (85кг) - ІІІ орын;
  • Орынбай Сержан (52кг) - ІІІ орын.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!