ЕРКІН КҮРЕС БӨЛІМІ СПОРТ-ИНТЕРНАТТАР АРАСЫНДА ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!

Еркін күрестен 2003-2004 ж.т. жасөспірмдер және 2005-2006 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер арасындағы чемпионаты 2019 жылдың желтоқсан айының 13-15 аралығында Павлодар қаласында өткізілді. Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 14 спорт-интернаттардан 150-ге жуық жас балуандар 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Үш күндік доданың нәтижесі бойынша Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК спортшылар келесі нәтижеге қол жеткізді:

  • Амангелді Еламан (51кг) - І орын;
  • Медов Омар (80 кг) - І орын;
  • Тулеген Нурдаулет (48 кг) - ІІІ орын;
  • Ашимтаев Марат (71 кг) - ІІІ орын;
  • Зен Бейбарыс (80 кг) - ІІІ орын

иеленіп жалпы командалық есепте "Республикалық спорт- колледжін алға жіберіп "екінші" орынға табан тіреді.

Жеңіске жетке спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын шын жүректен құттықтаймыз!!!