27.09.2019 жылы Mектеп президенттігіне үміткерлер арасында сайлау өтті.

27.09.2019 жылы мектеп президенттігіне үміткерлер арасында сайлау өтті. Сайлаудың басты мақсаты-мектепішілік жұмыстарды атқаратын, жауапкершілігі мол, белсенді оқушыны Президенттікке сайлау. Сайлауға әр бөлімнен ең үздік деген 7 үміткер ұсынылды.

     Сайлауда олар өздерінің жан-жақты тәжірибелі екенін көрсетті. Тіптен алға қойған жоспарларының өзі әр адамның қызығушылығын оята білді. Бұл оқушылардың қай-қайсысы да Президент болса, келешекте  мектебімізде көптеген қолайлы өзгерістер болары сөзсіз.

Нәтижесінде өзінің үздік бағдарламасымен жан-жақты қырынан көрсете білген, бокс бөлімінің  1 курс студенті Тоғамбай Қуандық мектеп Президенті болып сайланды.

      Алда бұл оқушыларға қолға алған жауапкершіліктеріне мол табыс тілей отырып, мектебіміз бұл оқушылардан зор үміт күтеді.