«Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты акциясын өткізді

«Болашақ» өзін-өзі басқару ұйымының  белсенділері Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты акциясын өткізді.  Белсенді оқушылар  қарттарға  бірнеше жыл қатарынан жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді. Спортшы-оқушылар  көмекке мұқтаж қариялардың үйіне барып, күнделікті шаруаларына жиі жәрдем береді. Күз айларында қысқа дайындыққа көмектессе, қыста аулаларын қардан тазартып, үйін жинастырып, шаруашылығына қолғабыс болады.