Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК Спорт күніне арналған спорттық турнирдің жеңімпаздары !!!!!!!!!!!!!

2019 жылдың 17 тамызында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Спорт күніне арналған спорттық турнир өтті, жарысқа келесі командалар қатысты:

  • Мәдениет және спорт министрлігінің орталық аппараты;
  • Спорт және дене шынықтыру комитеті;
  • Туризм индустриясы комитеті;
  • Тіл саясаты комитеті;
  • Ұлттық олимпиада комитеті;
  • Күрестен олимпиадалық дайындық орталығы;
  • Астана қаласындағы Олимпиадалық дайындық орталығы;
  • Велоспорттан олимпиадалық дайындық орталығы;
  • Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы;
  • Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпида резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжі;
  • Спортты дамыту дирекциясы;
  • Ұлттық және ат спорты орталығы;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық жаттығу орталығы.


Аталған шара бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік қызметшілерді салауатты өмір салтымен таныстыру мақсатында өткізілді.


Командалар 6 спорт түрінен жарысты: мини-футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат, асық ату және арқан тарту.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:
І орын Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп-интернат-колледжі;
II орын Ұлттық Олимпиада комитеті;
III орын - Ұлттық және ат спорты орталығы;

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!