Қажымұқандықтар демалыс лагерінде!

Сәтті аяқталған оқу жылынан соң мектеп-интернат-колледжі ұжымы мен тәрбиеленушілері Айыртау өңірінде орналасқан "Олимпиец" сауықтыру-оңалту орталығында​ төрт кезеңнен тұратын демалыс маусымын бастап кетті.

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағының шекарасында орналасқан лагерьде спортшыларымыз оқу-жаттығу жиындарымен қатар оңалтудан өтетін болса, қонақтарымыз қызықты жазғы демалыстарын әсем табиғат аясында өткізбек.