Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға арналған сынып сағаттары өтті

2019 жылдың 03 сәуірінде мектебіміздің оқушыларымен Қазақстанның тұңғыш мәнерлеп сырғанаушы, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға арналған  сынып сағаттары өтті.

Ол әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау тарихында (ересектер арасында) алғаш болып төрттік сальховты орындады. Элизабет бүкіл Қазақстан және біздің мектебіміздің мақтанышы (2016 жылғы түлек). Сұхбат барысында оның биографиясы мен спорттық жолы туралы әңгімеленді. Сынып жетекшілері Г.М.Мукашева, Р.С.Сералимова және мектебіміздің оқу бөлімінің әдіскері Т.Н.Чирковалар Элизабеттің бүгінгі күнгі жетістіктері және оның басты жетістігі Жапониядағы Әлем Чемпионатындағы медалі туралы айтты. Сынып сағаты Элизабет Тұрсынбаеваның жеңісті сырғанауын тамашалаумен аяқталды.