Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

18.01.18 ж. интернаттың мәжіліс залында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Басқосуда тәрбиешілер Президент Жолдауының маңызын жан-жақты түсіндірді.

Сұқбаттастық алаңында оқушылар мен колледж студенттерінің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері, сондай-ақ, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Қалиева сөз сөйледі. Спикерлер адам капиталы сапасын жақсартудағы басымдықты жүзеге асырудағы тәрбиешілердің орны мен стратегиялық құжаттың мектеп-интернат-колледжі ұжымының алдағы жұмысындағы маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, спортшыларды тәрбиелеу мен мектеп-интернат-колледж түлектерін әзірлеу жоғарғы деңгейде болу керектігі айтылды. Себебі Мемлекет басшысы білім беру саласына заманауи технологияларды енгізу міндетін қойды.