2017 жылғы Жаңа жыл мерекесі

   2017 жылдың 22 желтоқсанында мектеп-интернатта жаңа жылдық дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті. Оны тәрбиешілер бөлімі ұйымдастырды. Мектеп-интернаттың залы жаңа жылдық мерекеге сай безендірілді.

  Биыл Жаңа жылдық шыршаға шығармашылық агенттіктің актерлары шақырылды. Оқушылар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесті. Мерекеде «Наз» би ансамблінің бишілері өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Назерке де жаңа жылға арналған музыкалық сәлемін жеткізді. Жаңа жылдық іс-шарада түрлі ойындар ойналды, қызықты байқаулар ұйымдастырылып, оқушылар мен көрермендер мерекеге бір кісідей атсалысты.

  Жаңа жылдық мерекенің соңы би кешімен жалғасты.