Туған күн иелеріне арналған мерекелік іс – шара

2017 жылдың қараша айының 24 жұлдызында мектеп – интернаттың мәдени залында күзгі туған күн иелеріне арналған мерекелік іс – шара өткізілді. 

Жалпы мерекелік кеш өте қызыққа толы болды «Болашақ» өзін – өзі басқару ұйымының мүшелері туған күн иелеріне ерекше видео құттықтау сыйлады және қызықты ойындар мен сайыстарды  ұйымдастырды. 

Қарсақбаев Жансерік пен Мырзагалиева Гульзия туған күн иелеріне жылы лебіздерін білдіріп, өз өнерлерін көрсетті.

Мерекелік кешке тәтті дастархан жайылып, дискотекамен  жалғастырылды.