ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына жолығу

«Қажымұқан Мұңайтпасов  атындағы ОРРММИК» РММ-де жастарға рухани, патриоттық тәрбие беру мақсатында елорданың көптеген мұражайлаымен тығыз байланыста.   

2017 жылдың 25 қарашасында Астана қаласының  ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына тәрбиеленушілеріміз  барды.

Мұражайдың көрме залдарында біздің оқушылар Ұлы Отан соғысы кезінде өз Отанын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің қандай мандай тер төккендігін сезініп, ерекше қызығушылықпен қарады.
Мұражай экспонаттарының арасында оқушыларға қазақ әскерлерінің заманауи қару - жарақтарының үлгілері мен қазақ батырларының атақты қаруларының көшірмелері ерекше қызығушылық тудырды.
Оқушылар  көп қызықты тарихи фактілер мен танымдық ақпарат алды.