2017 жылғы 28 қарашада Қ. Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжінде Тұңғыш Президент күніне арналған  «Елбасы - ел тірегі» атты мерекелік іс – шара өтті.

Айтулы шараның құрметті қонақтары ретінде  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант, «Халық   қаһарманы», әскери қайраткер, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ертаев Бахытжан Ертайұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Чирков Михаил Владимирович, Астана қаласы «Ауған соғысы мүгедектер мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кенжебеков Серік Мубаракұлы, ҚР Ұлттық мұрағатының директоры, Ауған  соғысынын жауынгері Макашев Жангелді Меңлибайұлы қатысты.

Кездесуде «Халық қаһарманы» Бахытжан Ертайұлы сөз сөйледі «Біз бәріміз бір атаның  - балаларымыз, бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстан» туралы тоқталып, Еліміздің Тұңғыш Президенті, мемлекетіміздің даму белестері, ата – бабаларымыздың ерліктері мен қаһармандық жолдары туралы айтты. Болашақ жастардың бойында патриоттық сезім ояту мақсатында Ауған соғысындағы интернационалдық борышты орындау кезіндегі ерліктері туралы айтып, әр оқушының жүрегінде Отанға, өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін  арттырды.

Оқушылар іс -  шарада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы рөлі, ұлттық сана, бәсекеге қабілеттілік, Елорданың дамуы, қазақстандық патриотизм қалыптастыру үшін Елбасымыздың «Елім менің» және «Алға, Қазақстан!» әндерін орындап, «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңін оқыды. Өткен халықаралық ЭКСПО – 2017 мамандандырылған көрмесі туралы ағылшын тілінде айтылды.