Қ. Мұнайтпасов атындағы Республикалық мектеп-интернат-колледжінің қабырғасында 2022 жылдың 31 тамызында жаңа оқу жылы алдында медицина бөлімінің қызметкерлері «Ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» тақырыбында кезекті дөңгелек үстел өткізді.

   Іс-шарада Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сұрақтар көтеріліп, ықтимал сыбайлас жемқорлық шабуылдары мен олардың қоғамға тигізетін жағымсыз салдарларының мысалдары талқыланды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен, сондай-ақ біздің мекеменің базасында жұмыс істейтін «Спорт және білім- Адалдық алаңы» қызметімен таныстырылды.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып белгіленген. Ал, осыған байланысты медициналық бөлімше қызметкерлері мұндай іс-шара дөңгелек үстел іспетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға қызмет етіп, өмірде сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністеріне жол бермеуге септігін тигізеді деп есептейді.