2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қазтайқызы Қалиева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын талқылау бойынша семинар өткізді.

Қалиева А.Қ. тәрбие бөлімінің  қызметкерлерін  Қазақстан Республика - сының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістермен және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 5 жылдық тұжырымдамасымен таныстырды. Семинар барысында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері мен көріністеріне, оның ішінде тұрмыстық деңгейде төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.