Сыбайлас жемқорлық туралы сананы қалыптастыру жөнінде семинардың баспасөз релизі.

 Сыбайлас жемқорлық қоғамымыздың қауіпті дерті болғандықтан онымен күрес күн өткен сайын күшейіп келеді.    

2022 жылғы 04 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп – интернат – колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінің ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде семинар  өтті. 

Сонымен қатар, семинарда баяндама жасаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қазтаевна Қалиева  сыбайлас жемқорлықтығ алдын алу мақсатында құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралатындығын түсіндірді. Семинарға қатысушылар  өз ойларын білдіріп, еліміздің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды. Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетілді.