2022 жылғы № 1/2 "ZHARGYN Bolashak" республикалық ғылыми - әдістемелік журналында х.Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп-интернат-колледжінің мұғалімдері Ж. К. Мақышпекова – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Ж. Е. Сихимбаева –математика пәнінің мұғалімі "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: тарихы мен бүгіні" атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада "сыбайлас жемқорлық" сөзінің анықтамасы, оның білім беру саласында пайда болу себептері қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың біздің қоғамда тамыр жайғаны, көпшілігіміз бұл процестің қоғамға еніп кеткенін байқамайтындығымыз туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе толыққанды және барынша тиімді жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша интернет - ресурстар арқылы мемлекеттің халықпен толық "кері" байланысын құруға мүмкіндік беретін «электрондық үкімет» бағдарламасының енгізлуі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар құрылғандығы, атап айтқанда «Нұр Отан», «Халықтық-демократиялық» партиясының жұмысын жандандыруы айтылды.

Әр адам кез-келген өмірлік жағдайда өз қызметін қоғам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде бағалау қабілетіне дайын болуы керек.

{gallery}000/anticor/2022/06/merop{/gallery}