Ағымдағы жылы 13 маусымда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-нің заңгері мекеменің құрылымдық бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Презентациялық материалдар ұсынылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері мен қағидаттары, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушіліктің, мемлекеттік сатып алулардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетудің, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін төмендетудің, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын жетілдіру тетіктері және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді.