Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

2021 жылы 30 қыркүйегінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ж. Молдашаева, оқу бөлімінің әдіскері Р.Г. Закирова, 11 сынып жетекшілері Н.С. Мусакулова, Д.Б. Бекежанова қатысты.

Конференцияны тарих пәні мұғалімі Бекежанова Динара Бекбосынқызы ашып, оқушыларды мақсатымен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамасында оқушыларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық базасына тоқталып, 2015 жылғы 18 қарашасындағы №410 - V ҚРЗ бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерін түсіндірді. Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына тоқталды. Сонымен қатар 11 сынып оқушылары осы тақырып бойынш а ақпараттар беріп, өз пікірлерімен бөлісті.

Қорытынды сөзді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдашааева Сара Жапсарбайқызы алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесімен, соның ішінде Сингапур мен Қытай еліне тоқталып, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрес моделін түсіндіріп өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді ең сәтті күрес жүргізген Сингапур мен Қытайдың тәжирибесімен бөлісіп, оқушыларымызды сыбайлас жемқорлықты болдырмауға және қарсы күресуге шақырды.

{gallery}11-class{/gallery}