Семинар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Қалиева тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен колледж студенттеріне арналған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  тақырыбында жоспарланған онлайн семинар өткізді.

Іс-шарада Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, колледж қызметкерлері мен студенттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әзірлеуге қатысуы мәселелері көтерілді.

     Сыбайлас жемқорлық елдің экономикалық және демократиялық дамуына теріс әсер ететіні белгілі. Осыған байланысты семинарды ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері мемлекет пен қоғамның бірлескен қызметіндегі басым бағыттардың бірі болуы керек деп санайды.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты, сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарын және мемлекетті тарта отырып, тиісті құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыру біздің қоғамымыздың басым міндеттерінің бірі болып танылады.

Семинар жұмысына сыбайлас жемқорлық саласындағы сарапшылар, өкілдері қатысты:

– Мәдениет және спорт министрлігі – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қамзолдаев Марат Болысбекұлы;  Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілі Дүйсенов Мерген Мирзаятұлы және Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің уәкілетті өкілі, мектебіміздің заңгері – Омарова Гүлмира Жұмабайқызы.

   2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу стратегиясында атап өтілгендей, бала кезінен тұлғаны қазақстандық патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу мақсатында 9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні тәрбиешілер мекеме білім алушылары арасында онлайн сағаттар өткізді, сабақтан тыс іс – шаралар: 7-9 сыныптар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» суреттер конкурсы; 10 сыныптар  «Ерікті жастар» фотокросс; 9 сыныптар «Әлемді бағындырған  Қажымұқан»топтамасы бойынша Челлендж өткізілді.  «Тоқта, жемқорлық !» тақырыбында  видео-роликтер  жасалды. Барлық курс студенттерімен  « Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» сауалнама алынып, 117 студент  қатысты.

      Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қазтайқызы Қалиева семинарды  қорытындылап, мектеп-интернат-колледжде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіліп жатқанын және тек мектеп-интернат-колледжінің педагог құрамы мен білім алушыларының бірлескен күш-жігерімен ғана  «Біз сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және білім беру мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы» бағдарламаны орындау бойынша барлық шараларды қолдайтынын айтты.