«Адалдық Алаңы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбындағы онлайн вебинар

2020 жылы 10 қыркүйекте «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ  Қазтайқызы  тәрбие бөлім қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»  тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Қалиева Ардақ Қазтайқызы ашып, мақсатымен таныстырып, «Сыбайлас жемқорлық»  туралы толық түсінік берді.

Онлайн вебинарға арнайы шақырылған мектеп заңгері Омарова Гульмира Жұмайбайқызы қатысып, «Мәдениет және спорт министрлігі-Адалдық Алаңы» жобасымен таныстырып, жобаның атқаратын қызметін түсіндірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық базасына тоқталып, 1998 жылы 2 шілдедегі, 2015 жылғы 18 қарашасындағы №410 - V ҚРЗ бекітілген Қазақстан Республикасының Заңдарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне түсінік берді. Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруда жасалынып жатқан шараларға тоқталды.

Тәрбиешілер сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шараларының жұмыс жоспарына сай спортшы-оқушылармен өткізіп жатқан тәрбие жұмыстарымен таныстырып, өз ойларын ортаға салды.

Онлайн вебинарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы қорытындылады. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда еліміздің болашағы жас спортшылардың

жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғы­ндыру және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеудің маңыздылығын басып айтты.