Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Ағымдағы оқу жылының басында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңын іске асыру бойынша жаңа оқу жылына студенттер мен мектеп оқушыларының арасында жүргізілетін іс-шаралар жоспары құрылды.

Аталған жоспар бойынша сынып және топ жетекшілерімен тәрбиелік сынып сағаттары, дөңгелек үстел баспа беттеріне мақалалар жариялау қойылды.

Мектебіміздің оқушыларымен қашықтықтан оқыту барысында да жоспарлы іс шаралар өз жүрісін тоқтатпады. Сынып жетекшілері тәрбиелік мәнде тақырыптық сынып сағаттарын, топ жетекшілері белгіленген тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізсе, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Алиева Айна Қапешқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың борышы» тақырыбындағы мақаласын «infourok.ru» сайтына жіберіп, сайт сараптамасынан жоғары бағаны растайтын куәлік алды.

Аталған тақырыптағы жұмыс келесі жылы да жалғастырылмақ.