Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Елімізде де жемқорлықпен күрес бағытындағы жұмыстар күшейіп, оның алдын-алу бойынша түсіндіру шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Ағымдағы жылдың 12 шілде күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңірлік департаментінің өкілі Г.Төлегенқызы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетенің өңірлік департаментінің ұжымымына дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағытында айтылған жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі сөз болды.

Іс-шарада Гүлмира Төлегенқызы қатысушыларды Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына да тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланып, іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.