Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында тәрбие және медицина бөлім ұжымдарымен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шарада Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында қойылған негізгі міндеттер талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша мектеп-интернат-колледж ұжымымен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың ата-аналарымен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

Дөңгелек үстелде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы баяндама жасады.

Іс-шара соңында қатысушы тәрбиешілер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өздерінің тәрбие беру әдістерімен бөлісті және іс-шараға қатысушылар қызықтырған сауалдарға жауаптар алды.