«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл» тақырыбында брифинг өтті

 2018 жылы 8 қазанда «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл» тақырыбында брифинг өтті.

Брифингке арнайы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Исақұл Алан Әбдісерікұлы қатысып, «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс – қимыл» тақырыбында баяндама оқыды.

Баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қимылдарына түбегейлі өзгерістер енгізілгенін айтты.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмысына тоқталып, мемлкеттік органдарға бақылау жүргізіліп, мониторинг жасалғандығы туралы айтылды.

Қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың маңызды екендігін және жас спортшыларды сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.