2022 жылдың 07 қазанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбие бөлімі қызметкерлері арасында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында кездесу жиыны өтті. Кездесудің мақсаты – ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.

Кездесу барысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ардак Казтаевна ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы және жас буынның бойына парасаттылық пен ізгілікті қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Кездесу барысында жемқорлықпен күрес жайында слайд материалдары көрсетіліп, жемқорлыққа жол бермеу туралы қызметкерлеріміз өз ойларын ортаға салды.