2022 жылғы 26 қыркүйекте спорт бөлімінің қызметкерлері, соның ішінде жаттықтырушылар, спорт әдіскерлері арасында «Спорттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға мекеменің заңгері Омарова Гүлмира Жұмабайқызы қатысты. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлық спорттағы армандарды бұзатынын, болашақты айыратынын және әділетсіз қарым-қатынаста болған белгілі бір спортшыны ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға теріс әсер ететінін атап өтті. Спорт саласында спорттық төрешілікпен, спорттық жарыстарға қатысуға бюджет қаражатын бөлумен, шығыстар сметасын бекіту бойынша, дене шынықтыру-спорт ұйымдарының директорларын тағайындау бойынша, құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру және бекіту бойынша басшылардың, оның ішінде дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың жеке-дара шешімдер қабылдауымен байланысты көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың алғышарттарының бірі спорт саласындағы лауазымды тұлғаларға қажетсіз кең өкілеттіктер беру және олардың қызметінде ашықтықтың болмауы болып табылады.

Сонымен қатар, заңгер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жасалуына жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысын өткізу керектігін, оның ішінде спортшылардың өздері, жаттықтырушылар егер басшылық, спорт төрешілері, қаржы қызметкерлері, жарысты ұйымдастырушылар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер жасау кезінде, жазбаша наразылықтар, наразылықтар білдіру әрекет етуін, алдын ала хабардар ете отырып, бейнетүсірілімге тіркелу қажет, оның ішінде құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарға хабарлау, сондай-ақ, 1424 нөмірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығына жедел жүгінуге болады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық нормалармен, шарттармен, декларациялармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен кепілдендірілген әрбір азамат, соның ішінде спортшы, жаттықтырушы өз құқықтарын қорғау қажет.

Сондай-ақ спорт әдіскері Қ.Е. Қабдолов сөз сөйледі, ол спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жарыстарға қатысу кезінде спортшыларды өлшеу кезеңінде төрешілік тарапынан заңсыз тәсілдер қолдану, сондай-ақ жаттықтырушылардың төмен жалақысы, жас мамандардың басқа жұмысқа кетуі болып табылатының және осы проблемаларды тезарада шешу қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, өз ісіне саналы, әділ, жауапты көзқараспен қараған кезде спорттағы сыбайлас жемқорлықты жоюға болатынын және отандық спорт қарқынды дамитынын атап өтті.