Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп - интернат - колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Олимпиец» сауықтыру орталығында жүргізілетін оқу-жаттығу жиындары және жарыс жоспарына сәйкес, спортшылардың энергетикалық шығындарын өтеу және метаболикалық процестерді белсендіру, спортшының  жұмыс қабілеттілігін қалыпқа келтіру бағдарламасы бойынша, мекеменің асханасы: белокқа бай  ет, балық өнімдерімен, әр түрлі дән-дақыл қосылып сүттен жасалған ботқамен, көкөніс сорпасымен, бұқтырылған көкөністермен, бутербродтармен, жеміс жидектерден дайындалған дәруменді сусындармен,  шынайы сүтті тағамдармен спортшылардың денсаулығына ұтымды теңдестірілген мәзірмен жаз  маусымдарында (4 маусым 12 күннен) тәулігіне 5 мезгіл  кешенді тамақпен қамтамасыздандырады.

Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлігімен 2014 жылдың 22 қарашасында  №107 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптары» негізінде, өндірістік бақылаумен жұмыстар жүргізіліп, тәулігіне 4900 Ккалориді құрайтын 2-апталық ас мәзірі тамақтану нормативіне сәйкес жасалады және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің «СҚО Айыртау аудандық Қоғамдық денсаулық қорғау басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекеме Қоғамдық денсаулық қорғау комитетімен келісіліп тағам түрлері әзірленеді.

Мемекемнің сауықтыру орталығы үшін азық-түлік өнімдері мемлекеттік конкурстық сатып алу құқығымен, сертификаттармен, ветеринарлық зертхана сертификатына сәйкес жеткізіледі.

Тағам түрлері технологиялық процессіне сәйкес, жас спортшының өсуі мен дамуына теңдестіріліп дайындалады.

Сауықтыру орталығының асханасы бөлек ғимаратта орналасқан. 150 орынға арналған кең асхана, ыстық тамақ цехы, ет цехы, көкөніс цехы, қоймалар, көкөністерді жуатын бөлме, жуынатын бөлмелермен жабдықталған.

Асхана тоңазытқыш камералармен, пысырғыш шкафтар, электр плиталары, өндірістік жабдықтармен, тарату менюі, жылыту жабдықтарымен, ыдыс-аяқ, тауарлық-материалдық қорлар бар.

Оқушыларды тамақтандыруда тәжірибелі аспаздар ұжымы жүзеге асырады.

Тамақ қабылдау уақыты тамақтану кестесіне сәйкес жүргізіледі, білім алушылар бес мезгіл тамақтанумен қамтамамасыз етіледі, азық-түлік рационы өнімдерге байланысты және оларды дайындау тәсілдеріне байланысты әртүрлі болады.

“Олимпиец” сауықтыру орталығында спортшыларды қалыпқа келтіру жұмыстарынан көрініс.

Асхананың тәжірибелі мамандары

Спортшыларға күш-қуат беретін өнімдер