Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ шаруашылық бөлімі туралы

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (одан әрі – Мекеме) шаруашылық бөлімі Мекеменің әкімшілік-шаруашылық жұмысын қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Шаруашылық бөлімнің негізгі мақсаты: ғимарат, бөлме, жабдықтарға (жылыту жүйесі, сумен қамтамасыз ету, желдетілу, тоқпен қамтамасыз ету және т.б.) техникалық қызмет көрсету, күрделі және қарапайым жөндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізілуін бақылау, жиһазбен, шаруашылық құралғымен, механизация құралдарымен қамтамасыз ету, инженерлік және басқару еңбегін қамтасыз ету, көлік тасымалдау және күзетпен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру.

Санитарлық – эпидемиологиялық індетке қарсы тәртіптеменің, өртке қарсы ережелердің, қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау, олардың бұзылуы жағдайында уақтылы шара қолдану.

Мекеме бөлімшелері орналасқан ғимарат пен бөлмелердегі өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелері мен мөлшелеріне сәйкес шаруашылық қызмет көрсету және тиісті жағдайын қамтамасыз ету, жабдықтың (жарық, жылыту және желдету жүйелерін) дұрыс болуын бақылау.

Негізгі қорлардың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау (ғимарат, сумен қамтамасыз ету, желдету жүйесі және т.б.), шаруашылық шығын сметасын жасау. Бөлмелердің жөндеу жұмыстары, жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын бақылау.

Алаңды жайландыру, көгалдандыру, алаңды тазалау жұмыстары, ғимарат, бөлмелер мен кіреберіс фасадтарын мерекелік және көркемдік безендірулер. Мекеме жұмыстарын көлік тасымалдау қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Мекеменің қазіргі ережелері мен мөлшерлеріне сәйкес техникалық жабдықтың (электржүйесі, жылыту жүйесі, желдету жүйесі және т.б.) уақтылы жөнделуін және іске қосылуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ұйым ғимараты мен бөлмелерінің электр, жылу жүйесі, сумен үздіксіз қамтамасыз етілуін және олардың үнемдеп жұмсалуына бақылау жүргізу.

Күзеттегі рұқсатнамалық тәртіптемені қамтамасыз етуді ұйымдастыру, әкімшілік-шаруашылық қызметтерінің қойма жұмыстарына және өртке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен бақылау жүргізу.

Жатақхананың техникалық сипаттамасы

  1. Жатақхананың салынған жылы: 1971ж.
  2. Ғимараттың техникалық сипаттамасы: 4 қабатты, ғимарат сипаты – кірпіштен салынған, жылуы – орталықтандырылған, су құбыры – орталықтандырылған, канализация – орталықтандырылған, жатын бөлмелердің орналасуы – дәлізді.
  3. Жатақхананың жалпы ауданы: 2457,1 м2
  4. Жатақхананың жиһазбен жабдықталуы: бір адамдық кереует, төсек жанындағы тумба, киім шкафы, үстел, орындықтар, кітап және аяқ киім сөрелері.
  5. Тұрмыстық жағдайлары: медициналық орталық, ас әзірлеу блогы бар асхана, тұрғын бөлмелер, демалыс бөлмесі, сабаққа дайындалу бөлмесі, қыздарға арналған гигиена бөлмесі, әр қабаттағы тұрмыстық бөлмелер, таза және кір төсекті сақтау бөлмелері, санитарлық және жуынатын бөлмелер.