Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік.

Тәрбиеленушілерімізге желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беріп, Желтоқсан құрбандарының өшпес ізін мәңгі есте сақтау. Тарихымызда алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздігіміздің маңызын түсіндіріп, оқушылардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында мереке күні жатақхана оқушыларымен сайыс сабағы өтті.

{gallery}11111{/gallery}

Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған арманы жүзеге асып, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды.
Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу мақсатында таеквандо мен шорт-трек бөлімдерінің оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өтті.
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігі түсіндірілді.

{gallery}1111{/gallery}

16 желтоқсан куәгерімен кездесу

{gallery}111{/gallery}

Болашаққа хат.

“Тоғыз айға 9 іс-шара” тұжырымдамасының іске асыру аясында, «Шығарма жазу: болашаққа хат» тақырыбында өткен республикалық челлендж.
Бұл шара шығарма жазу арқылы білімалушылардың өз ойын білдіру дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін эссе жазуға бағытталған. Өз көзқарасын сипаттай отырып және өз жетістіктерін талдай отырып, тәрбиеленушілеріміз өмірдегі болашақ мақсаттары туралы, айналасындағы адамдарға деген көзқарасы, өз елінің болашағы туралы, Отанының дамуына қосқан өз үлесі туралы ойланды.

https://www.instagram.com/p/C05diMpoTi7/

Жатақхананың Студенттік кеңесі.

         Елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі қабырғасында жалпы 119 студент кәсіби білім алуда. Соның ішінде 60 - қа жуық алыс аймақтардан келген жатақханада тұратыны жастар арасынан жатақхана кеңесі құрылды.

Кеңес-жатақханада тұратын студенттерді тұрғын үй және мәдени өмір сүру жағдайларын жақсарту, тәрбиелік, мәдени-көпшілік, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, студенттік ортада студенттік өмірдің жағымды дәстүрлерін қалыптастыру және сақтау, саналы және өзіндік тәртіптерді тәрбиелеу, талап қоюшылық пен табандылық жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру кезінде жатақхананы басқаруға қатысуға тарту мақсатында құрылды.

#жатақхана
#жатақханакеңесі
#студент

{gallery}222222{/gallery}

Дүниежүзілік балалар күні.

Мектеп парламентінің белсенділері осы айтулы күні жатақхана тәрбиеленушілерімен қызықты әңгіме өткізді.
Мақсаты: балалардың баланың негізгі құқықтары туралы білімдерін жалпылау.
Жыл сайын 20 қарашада Дүниежүзілік балалар күні атап өтіледі.  Бұл күн кездейсоқ таңдалмады-дәл осы күні 1989 жылы "Бала құқықтары туралы Конвенция" қабылданды, ол баланың жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін отбасылық ортада, бақыт, махаббат және өзара түсіністік атмосферасында өсуі керек екенін мойындады.
Іс-шара ойындар, "Құқықтар мен міндеттер" жағдайларын талдау және рефлексия сияқты кезеңдерден тұрды.
Оқушыларымызға белсенді қатысқаны және мазмұнды кері байланысы үшін алғыс айтамыз.
{gallery}080809{/gallery}
 
Халықаралық студенттер күні дәстүрлі түрде 17 қарашада тойланады.
Бұл дата 1946 жылы Прагада Бүкіләлемдік студенттер конгресінің шешімімен бекітілді.
Сіздерді Халықаралық студенттер күнімен құттықтаймын және әрқашан позитив толқынында болуларыңызға, үнемі жаңа табыстарға ұмтылуларыңызға, мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмауларыңызға және таңдауыңызға ешқашан өкінбеулеріңізге тілектеспін. Сәттілік және жеңіл сессиялар!
{gallery}090902{/gallery}
 
Жатақхананың Студенттік кеңесі.

         Елордасы Астана қаласында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі қабырғасында жалпы 119 студент кәсіби білім алуда. Соның ішінде 60 - қа жуық алыс аймақтардан келген жатақханада тұратыны жастар арасынан жатақхана кеңесі құрылды.

Кеңес-жатақханада тұратын студенттерді тұрғын үй және мәдени өмір сүру жағдайларын жақсарту, тәрбиелік, мәдени-көпшілік, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру, студенттік ортада студенттік өмірдің жағымды дәстүрлерін қалыптастыру және сақтау, саналы және өзіндік тәртіптерді тәрбиелеу, талап қоюшылық пен табандылық жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру кезінде жатақхананы басқаруға қатысуға тарту мақсатында құрылды.
{gallery}090901{/gallery}
 
{gallery}090902{/gallery}
{gallery}090903{/gallery}
Президент сайланды.

Қазақстан балалары мен жастары - Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұр.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алушылардың "Өзін-өзі басқару ұйымының" Мектеп Парламенті 2023/2024 оқу жылында да жалғасын тапты.
Мектеп Президентін тағайындау - Үміткерді дауысқа салу арқылы жүзеге асырылып, оған барлық сынып оқушылары мен студенттерінен 300-ге жуық білім алушы қатысты.

Дауыс беру нәтижесі бойынша грек-рим күресі бөлімінің I курс студенті Төлендік Айдынғали жоғары 98% дауыс жинап және мектеп әкімшілігінің келісімімен Мектеп Парламентінің Көшбасшысы болып тағайындалды.
{gallery}090904{/gallery}

Мектеп-инернат-колледж президентіне үміткерлер!!!

Ал, Сіз кімді таңдайсыз?

Өз таңдауыңызды жасаңыз

{gallery}090906{/gallery}

Құрметті Қажымұқандықтар!

Өзін-өзі басқару ұйымы Президентін сайлауға 10-11 сынып оқушылары мен 1курс студенттерін шақырамыз.
Мектеп Президенттігіне өзіңді лайықты санасаң өз кандидатураңды ұсын✅
Біз сені күтеміз✅
Мақсаты:
- Оқушылар мен студенттердің қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Мектеп парламентінің фракциялары бағытын толығымен қамти отырып, спортшылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, оны қоғам игілігіне пайдалануына жағдай жасау.
Міндеттері:
- әлеуметтік-танымдық бағдарламаларды жүзеге асыру;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру;
- Мектеп парламенті мүшелерінің жұмысын жандандыру.

{gallery}090908{/gallery}

  1. Выборы осуществлялись на основе принципов избирательного права, на основе принципов всеобщности, равенства, свободы выбора
  1. Учащиеся школы-интерната активно участвовали в выборах лидеров школьного ученического и студенческого самоуправления
    1. Голосование было проведено тайно по всем правилам выборов и его итоги подводились школьной избирательной комиссией

Члены ученического самоуправления «Болашақ»:

Президент ученического самоуправления «Болашақ» - Тогамбай Куандык

Министр информации - Бекадил Айша

Министр образования - Багдаулетова Махарат

Министр культуры - Алмаган Диас

Министр дисциплины и порядка - Рысжанов Нурасыл