Мәнерлеп сырғанау спорт түрінен БАӘ астанасы - Әбу-Даби қаласында, 15-18 ақпан аралығында, "Abu Dhabi Classic Trophy" атты халықаралық турнир өтті.
Үлкен қыздар арасындағы сайыста, Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің 10 сынып оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің көш бастаушы спортшысының бірі - Анна Левковец қола медаль иегері атағына қол жеткізді!
Осы жастағы спортшылар Әлемнің 31 мемлекетінен келіп, 9 қатысушы қыздар медальдарды сарапқа салды.
Мекеменің мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің жаттықтырушыларын, шәкіртінің үлкен жетістігімен, шын жүректен құттықтаймыз!

Мәнерлеп сырғанау спорт түрінен БАӘ астанасы - Әбу-Даби қаласында, 15-18 ақпан аралығында, "Abu Dhabi Classic Trophy" атты халықаралық турнир өтті.
Қыздар арасындағы жарыста, Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектептің оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің спортшысы - Карина Шеин чемпиондық атаққа қол жеткізді!
Бұл, байрақты бәсекеде, дүниежүзінің 15 елінің 100-ден аса мықты спортшылары жүлдеге таласты.
Мекеменің мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің жаттықтырушыларын, шәкіртінің толағай жетістігімен, шын жүректен құттықтаймыз!

b6df274f 8764 4e38 b9e0 fd4484d7d3b3

f27f3a2b 3255 4752 869e 54b7bf1282f9

Таеквондо спорт түрінен, 15-18 ақпан аралығында, АҚШ мемлекетінің Рено қаласында "US Open G2" атты жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындыға оқу-спорттық ордасының таеквондошы - Еркін Әлинұр Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа ие болды!
Таеквондо бөлімінің бапкерлік тобын үлкен жетістікпен құттықтаймыз!

7403e0ec 152c 47df 8739 d96b13a4cd69

34c3fabe 9e6f 46c8 af05 54612ef37e14

8b0da841 7882 4aa6 a705 774f8e30f19d

Конькимен жүгіру спорт түрінен Канада елінде (Калгари қаласы) бөлек қашықтықтарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрама командасының спортшысы өз жеке рекордың жаңартты.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 2 курс студенті Алина Дауранова 1.000 м. қашықтық жарысында 01 мин. 15,24 сек. уақыт көрсетіп өз жеке рекордың бұзды!
Жалпы, осы дистанцияда, Дауранова 13 орынды иеленіп, қалған өз командалық әріптестері арасында ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Құттықтаймыз!

Нидерланд елінде шорт-трек спорт түрінен жастар арасында өтіп жатқан Әлем Кубогының кезеңінде Қазақстан спортшылары күміс медальға ие болды. Қыздар арасында
3.000 м. эстафеталық жарыста ұлттық құрама командасының "төрттігі" екінші орынға тұрақтады.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушы-спортшылары: Полина Омельчук пен Анастасия Астраханцева бұл әлемдік жүлдені жеңіп алуға өз қомақты үлестерін қосты.
Естеріңізге салсақ, Полина қызымыз, жуырда Оңтүстік Кореяда (Кангвон қаласы) жасөспірімдер арасында өткен IV қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болып атанған.
Мекеменің шорт-трек бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін, 17 ақпанда, "Amanat" партиясының Астана қаласы филиалының бастауыш партия ұйымдары мүшелері арасында қол күрес спорт түрінен жарыс өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің арнайы пәннің мұғалімі Айнұр Есентаева, 70 келіге дейін салмақ дәрежесінде күміс медальды жеңіп алып, сайыстың вице-чемпионы атағына ие болды. Құттықтаймыз!

 




Жуырда, Көкшетау қаласында орналасқан "Бурабай" спорт сарайында 2009 ж.т. жасөспірімдер арасында, су добы спорт түрінен, Қазақстан Республикасы Чемпионатының 3 тур ойындары өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 8 сынып оқушылары Данияр Сарсекеев пен Алмас Бакиянов "Астана" командасының негізгі құрамында өнер көрсетіп, турнир кестесінде, әзірше, топ жарып тұр.
Ел Ордалық ұжым енді наурыз айында Атырау қаласына аттанып, 4 турға қатысады. Осы жастағы 11 командадан тұратын Ұлттық біріншілік өз мәресін маусым айында аяқтайды.
Су добы бөлімшенің жаттықтырушылары Әділ Темірханов пен Артем Османовқа сәттілік тілейміз.

028d8b7c 9285 4f96 b7e2 2b4db06007fb

15202736 3ea0 4852 ae46 6c31ca65bca2

b75d9422 4e4b 45b9 aeea 3a05ffbe30b1

ca063afa 93fd 4933 b954 ed92dfac1f8d

Түркия елінің Анталья қаласында ақпан айының 9-14 аралығында өтіп жатқан "Turkish Open G-1" халықаралық турнирінде Исамедин Бауыржан 51кг.салмақ дәрежесінде 🥈күміс жүлдегер атанды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшысы, 2023 жылдың Әлем чемпионы, мекеменің өткен жылдың "Үздік спортшысы" номинациясының жеңімпазы, осы халықаралық доданың жүлдегері атанғына ие болған оқушымызды құттықтаймыз!

fd83aec9 ef3a 4336 8286 91193feb7ea6

Күні кеше Біріккен Араб Әмірлігінде таеквондо спорт түрінен өткен "Fujairah open" халықаралық турнирінде Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушысы Болатұлы Бекет 59 кг. салмақ дәрежесінде 🥈күміс жүлдегер атанды. Бөлімше
жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

С 6 по 11 февраля т.г. в городе Астана, в республиканском велотреке "Сарыарка", прошел зимний Чемпионат Республики Казахстан по треку в различных дисциплинах (среди мужчин, женщин, юниоров, юниорок). Спортсмены отделения велосипедного спорта РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова приняли активное участие в данных соревнованиях и показали следующие резудьтаты: Командная гонка преследования : Карабутов И. 🥇 Апачиди Е. 🥇 Ковальчук Е. 🥇 Проскурина А. 🥈 Кашубский Д. 🥉 Хомячук Д. 🥉 Муратжанов Е.🥉 Адильбек Д.🥉. Командный спринт : Курдиди К. 🥇 Базарбеков Д. 🥇 Косолапова Д.🥇 Адильбек Д. 🥇 Муратжанов Е. 🥈 Кашубский Д. 🥉 Проскурина А. 🥉. Индивидуальная гонка преследования : Копжасарова Д. 🥉. Кейрин : Косолапова Д. 🥇Базарбеков Д. 🥉. Групповая гонка Скретч : Карабутов И.🥈 Копжасарова Д. 🥈 Ковальчук Е. 🥉. Групповая гонка Выбывание : Копжасарова Д. 🥈 Карабутов И 🥉. Спринт: Проскурина А. 🥇 Базарбеков Д. 🥈 Косолапова Д. 🥈. Групповая гонка Мэдисон: Апачиди Е.🥈 Муратжанов Е. 🥉 Копжасарова Д. 🥉. Гит : Курдиди К. 🥇 Косолапова Д. 🥇 Базарбеков Д. 🥉 Проскурина А. 🥉 Поздравляем чемпионов и призеров чемпионата страны с показанными высокими спортивными результатами.
















10 февраля 2024 в рамках профориентационной работы, с учащимися 11 классов прошел психологический тренинг, работая в командах спортсмены готовили обоснование своей точке зрения относительно выбора жизненного пути и професии. В результате тренинга учащиеся получили информацию и обменялись разными позициями по вопросу принятия решений, выбора професии и понимания личностного призвания


Қазақ поэзиясының қара нары, «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атанған ол жарты ғасырға жуық ғұмырында мыңнан астам өлең мен поэма, повестерді дүниеге әкелді. Шығыс, орыс жазушыларының шығармаларын тәржімалап, мол рухани мұра қалдырды. «Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?!» деген ақын өлеңінің ұйқасы ел ішінде кеңінен танымал. Мұқағали есімі берілген мектептерде оның өлеңдері оқылып, еске алу кештері өтті. Ұрпағы ақиық ақынның өлеңдерін жатқа оқиды. 45 жылдық қысқа ғұмырында сан ғасырға азық рухани қазына қалдырған Мұқағали Мақатаевтың есімі ел есінде. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарған» ақынның өлеңдері жүрекке жетеді. Ал оның аудармашылық талантының арқасында әлем әдебиетінің жауһарлары – Уильям Шекспирдің сонеттері, Уолт Уитменнің өлеңдері мен Дантенің «Құдіретті комедиясы» қазақ тіліне тәржімаланды. Осы төл мерекені Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшы балалары да дүркіретіп атап өтті. Кештің сыйлы қонағы ретінде белгілі ақын-композитор, Мұқағалидың сөздеріне бір талай өлеңдер жазған Қайрат Темірғали ағамыз болды. Творчествалық кеш барысында Мақатаевтың бір неше шығармалары оқылып, әндері шырқалды. Балалар лирикалық іс-шараны шын ниетпен қолдап, маэстроға қошеметпен құрмет көрсетті.