Қарағанды қаласында, осы күндері, жудо (дзюдо) күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Байрақты бәсекеде Еліміздің аймақтарынан келген мықты спортшылар бас қосқан додада Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары да қатысуда.
Колледждің 3 курс студенті Ақбота Жалинова 57 келі салмақ дәрежесінде күміс медаль иегері атанды!
Жеке бапкері Мұрат Қалықұловты және мекеменің жудо күресі бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын осындай жетістікпен құттықтаймыз!

Көкшетау қаласында орналасқан "Бурабай" спорт сарайында, 26 ақпан-2 наурыз аралығында, шорт-трек спорт түрінен үлкен және орта жастағы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің спортшылары бұл жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 20 медальды мекеме қоржынына салды!
Мектептің 11 сынып оқушысы, жуырда Оңтүстік Корея елінің Кангвон қаласында өткен IV жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Анастасия Астраханцева Көкше өңірінде өткен сайыста төрт бірдей (4) алтынды жеңіп алды!
Жалпы, аталған Ұлттық біріншілікке 10 спортшымыз қатысып 8 оқушымыз жүлдемен оралды (80%).
Әр қашықтықтарда және жастарына сай жарыстарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында: Жандос Серікбаев (алтын), Павел Цой (алтын), Нұрия Алпысбай, Даяна Айтыбек, Темірлан Жолдас, Илья Кафтанатий және Нұрдәулет Әзімтай.
6 алтын, 7 күміс және 7 қола медаль (жалпы 20 жүлде) - мекеме тарландарының тағы да қанжығасы майланғанын білдіреді.
Шорт-бөлімшесінің жаттықтырушы - бапкерлері Азамат Сұлтаналиевты және Евгений Арсентьевты шәкірттері көрсеткен биік нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз.
Осы бөлімшеге қатысты тағы да бір жағымды ақпарат келіп түсті: Нұрлан Қайырбеков (колледж студенті), Павел Цой (10-шы сынып оқушысы) және Жандос Серікбаев (9 сынып) Қазақстан Республикасының Спорт шебері атағына ие болды!
Қажымұқан Мұңайтпасов спорт мектебі-чемпиондар ұстаханасы екенің кезекті рет дәлелдеуде.

 

 

«Оқуға құштар мектеп - кітап оқу мәдениетін дәріптеу» «Сүйікті кітабым» атты оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған іс шара өтті.
Осы бағытта біздің мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасының қалай іс-жүзіне асқаны туралы айтылды.

Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп кітап оқуды насихаттайды. Мағыналы сөздерден кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі кітап оқу екенін түсінеміз

Осыған орай, біздің мектепте де «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша мектепішілік жоспар құрылып, жұмыс жүргізілді. «Оқуға құштар мектеп» жобасының пайдасы зор деп ойлаймыз. Қазіргі кезде керек ақпарат табу үшін аудио, бейне, ғаламтор секілді жеңіл жол табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық, өкінішке орай, азайып кетті. Сонымен қатар оқушыларымыздың спортқа бейім екенін біліп, халықаралық және республикалық жарыстарда жүргендіктен кітап оқуға деген уақытта тапшылық. Осы жобаны іске асыру арқылы оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймыз. Бала ерте жастан кітаппен дос болса, кітап оқыса болашақта көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал тәрбиенің кілті кітапта. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

Қорытындылай келе, «Оқуға құштар мектеп» жобасын іс жүзіне асыра отырып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырамыз, саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Сонымен қатар, «Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер-жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берген Мұхтар Әуезовтің қаншама уақыт өтсе де маңыздылығын жоймайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін жанып, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.

Алматы қаласында, атақты, әлемге танымал "Медеу" мұзайдынында, конькимен жүгіруден кезекті Қазақстан чемпионаты өтті.
Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушы-студенттері Ұлттық чемпионатқа қатысып, мекеме қоржынына 10 медаль түсірді: оның ішінде 1 алтын, 5 күміс және 4 қола.
Әйелдер арасында, командалық жарыста, мекеменің спортшылары Екатерина Шабасова мен Айзада Рымбек бірінші орынды иеленіп, алтын медальдарды мойындарына тақты.
Командалық спринтте, 1500 м. және гендерлік жарыста студент қызымыз Еңлік Жәрдембекқызы үш күміс медальдарды жеңіп алды. Оған қоса, 1000 м. қашықтықта ол қола жүлдені да ұтып алып, 3 орынға жайғасты.
Ерлер арасындағы масс-стартта 11 сынып оқушысы Алдияр Төлегенов екінші орынға қол жеткізіп, Қазақстан чемпионатының вице-чемпион атағына ие болды.
3000 метрлік жүгіруде 10 "А" сынып оқушысы Айзада Рымбек 2 орынға тұрақтап, мектеп сандығына келесі күмісті салды.
5000 метрлік стайерлік қашықтықта Алдияр Төлегенов тағы да жүлдегерлер қатарынан көрініп, тұғырдың 3 сатысына көтерілді.
Кенжеш Сәрсекенова бастаған конькимен жүгіру бөлімшесінің жаттықтырушыларыншәкірттері көрсеткен жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!

Түркістан қаласында 24-26 ақпан аралығында жудо (дзюдо) күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.
2007-2008 ж.т. спортшылар қатысатын додада Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 15 қыз-ұлдар жудошылары әр салмақ дәрежесінде белсенді түрде қатысуда.
Жарыстың бірінші күнінде, 73 келі салмақта, мектептің 11 "А" сынып оқушысы, Маңғыстау облысының тумасы, Мұрат Бернияз Ұлттық Чемпионаттың қола медаль иегері атанды!
Жүлдегердің жеке бапкері Бақнұр Мырзайды және мекеменің жудо бөлімшесінің жаттықтырушылар тобын шын жүректен құттықтаймыз!
Ал, жарыс болса, бүгін аяқталып, өз жеңімпаздарын мен жүлдегерлерін анықтайды.
Балаларымызға сәттілік үнемі серік болсын, ағайын!

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтуде.
Қ. Мұңайтпасов атындығы мектеп-интернат-колледждің 8 "А" сынып оқушысы Нұртас Серікұлы 1500 м. кедергі арқылы жүгіру қашықтықта қола медальды ұтып алды.
Құтты болсын!
Айдын Сапарханов бастаған мекеменің жеңіл атлетика бөлімшесінің жаттықтырушылар тобының ерең еңбектерін атап өткен жөн болады!

                   

Алматы қаласында, 20-21 ақпан аралығында, "Медеу" мұзайдыны кешенінде, конькимен жүгіру спорт түрінен Қазақстан Республикасы Кубогының жарысы өтті.
Мұзтабан спортшылар жиналған республикалық сайыста Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің бір топ оқушы-спортшылары қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
1500 м. қашықтық жарысында мекеме конькишісі Еңілік Жәрдембек, қыздар арасында, күміс медаль иегері атанды.
Ал, 1000 м. дистанциясында аталған қызымыз қола жүлдені мойынына тақты.
3000 м. арақашықта мектеп оқушысы Айзада Рымбек мәре сызығын екінші болып кесіп, вице-чемпион атағына ие болды.
5000 м. стайерлік қашықтықта Алдияр Төлегенов тұғыр сатысының үшінші сатысына көтеріліп, Ұлттық Кубоктың қола жүлдегері болып танылды.
Жарысты қорытындыла келе спортшыларымыз екі күміс және екі қола медальды жеңіп алды.
Мекеменің конькимен жүгіру бөлімшесінің аға жаттықтырушы Кенжеш Сәрсекенова бастаған бапкерлік тобын шын жүректен құттықтаймыз!
Алда, Қазақстан Республикасының Чемпионаты. Жағымды жаңалықтарды енді сол жерден күтудеміз.

В г. Будапешт (Венгрия) прошел традиционный, 28-ой по счету, международный турнир по художественной гимнастике "Gracia Fair Cup", где спортсменки РСШИКОР им. Х. Мунайтпасова выступили на высоком уровне во всех видах программ.
В финальных состязаниях среди сеньорок, в одиночном разряде, отличилась выпускница учреждения Айбота Ертайкызы, которая с мячом, лентой и булавами, завоевала золото во всех этих трех упражнениях. Серебряный призер АИ-2024 Эрика Жайлауова, стала на этом турнире чемпионкой в упражнении с обручем. В соревнованиях среди юниорок Акмарал Ерекешова, также получила награды по результатам 4 упражнений: золотую медаль в одиночном разряде с мячом и лентой, серебряную упражнении с булавами.
В многоборье, серебряными призерами стали: Айбота Ертайкызы и Акмарал Ерекешова, бронзовыми призерами – Эрика Жайлауова и Дарья Кушербаева.
В итоге, действующими спортсменами школы было завоевано: 3 золотые, 1серебряная и 2 бронзовые медали. Всего: 8 наград.
А если добавить сюда и достижения выпускницы (3 золота и 1 серебро), то в копилке учреждения 6 золота, 4 серебра и 2 бронзы (всего: 12 медалей).
Поздравляем наших титулованных тренеров и граций художественной гимнастики с выдающимися спортивными результатами на международной арене!

Мекеменің ардагері, грек-рим күресінің майталман жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген бапкері, спорт қайраткері Нұртазин Рысбек Рамазанұлы зейнетке шықты...
Мерей той иесін, бүгін, мекеменің грек-рим күресі бөлімшесінің жаттықтырушылары, белді шәкірттері, мектеп оқушылары, әдіскерлері салтанатты түрде зейнетке шығарып салды.
Қазақтың көне заманынан келе жатқан дәстүрі бойынша ақсақал-ағамыздың иығына шапан жабылып, жиналған қауым атынан жылы лебіздер айтылды.
Құрметті Рамазан-аға! Қ. Мұңайтпасов спорт мектебінің атынан Сізге зор денсаулық, отбасының амандығын, шәкірттеріңіздің толағай жеңістерін тілейміз!
Ізге ниетпен,
Әріптестеріңіз

 



Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқушылары спортта жан-жақты болу мақсатында, демалыс күндерінде, жатақхана мен мектеп ауласында орналасқан спорттық алаңдарда, әуесқойлық ретінде, шаңғы теуіп конькимен де сырғанауды меңгеруде.
Мекеменің тәрбие беру бөлімінің ұйымдастыруымен, балалар қысы-жазы, сеңбі-жексенбі күндері, бұқаралық-спорт түрлерімен айналысып, мәдени және рухани іс-шараларға да белсенді түрде қатысуда.







Мәнерлеп сырғанау спорт түрінен БАӘ астанасы - Әбу-Даби қаласында, 15-18 ақпан аралығында, "Abu Dhabi Classic Trophy" атты халықаралық турнир өтті.
Үлкен қыздар арасындағы сайыста, Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектебінің 10 сынып оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің көш бастаушы спортшысының бірі - Анна Левковец қола медаль иегері атағына қол жеткізді!
Осы жастағы спортшылар Әлемнің 31 мемлекетінен келіп, 9 қатысушы қыздар медальдарды сарапқа салды.
Мекеменің мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің жаттықтырушыларын, шәкіртінің үлкен жетістігімен, шын жүректен құттықтаймыз!

Мәнерлеп сырғанау спорт түрінен БАӘ астанасы - Әбу-Даби қаласында, 15-18 ақпан аралығында, "Abu Dhabi Classic Trophy" атты халықаралық турнир өтті.
Қыздар арасындағы жарыста, Қ. Мұңайтпасов атындағы спорт мектептің оқушысы, мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің спортшысы - Карина Шеин чемпиондық атаққа қол жеткізді!
Бұл, байрақты бәсекеде, дүниежүзінің 15 елінің 100-ден аса мықты спортшылары жүлдеге таласты.
Мекеменің мәнерлеп сырғанау бөлімшесінің жаттықтырушыларын, шәкіртінің толағай жетістігімен, шын жүректен құттықтаймыз!

b6df274f 8764 4e38 b9e0 fd4484d7d3b3

f27f3a2b 3255 4752 869e 54b7bf1282f9