Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Батырлар мәңгілік ел есінде сақталады. Олар бейбіт өмір мен тыныштықты сақтау жолында шейіт кетіп, ерлікпен қаза тапты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 10 қаңтар - аза тұту күні болып жарияланды. Бірқатар өңірлерде болған оқиға салдарынан әскерилер мен бейбіт тұрғындар опат болып, зардап шекті. Олардың отбасы мен туған-туыс жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Қайғы - әрбір Қазақстан халқына ортақ қайғы.

Мұндай ауыр да келеңсіз жағдай ел басына қайта келмесін. Халықтың күші-бірлікте. Тәуелсіздігіміз - ынтымақ пен жарастықта тұғырлы.

Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, байрағымыз көкте желбірей берсін!

{gallery}100122{/gallery}