«ҚАЖЫМҰҚАН» СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ - «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰСТАЗЫ – 2021» РЕСПУБЛИКАЛЫҚБАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйытқы болған - «Тәуелсіз елдің ұстазы – 2021» атты республикалық байқауына ЖОО, ОАОО, жалпы білім беру, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, балабақшаларда және өзге де білім ордаларында қызмет ететін, жалпы саны 10 083 педагогтің өтініші тіркелді.

Аталмыш байқауға Еліміздің барлық аймақтардын, республикалық маңызы бар қалалардын, облыс орталықтардын, шалғай орналасқан ауылдық елді-мекендерде жұмыс жасайтын ұстаздары қатысты.

Конкурстық комиссияның іріктеу жұмыстары барысында қатысушылар жазған «Тәуелсіз елдің ұстазы» тақырыбындағы эссеге талдау жасалды. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби жетістіктері, ғылыми әдістемелік бағыттағы, қоғамдық-мәдени, саяси бағыттағы атқарған жұмыстары мен шәкірттерінің жетістіктері негізінде баллдық жүйе бойынша іріктеу жұмыстары жүргізіліп, қатысушының ішінен 7 номинация бойынша 1292 жеңімпаз анықталды.

Күні кеше, осы сайыстың арнайы комиссиясы жұмыстарды талқылап, байқау қорытындысын шығарды: Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер» туралы Заңының 5,12 және 19 бабына сәйкес, ҚР азаматтарының кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандырып, үздіктерін анықтап, оларды ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамының Жарғысы негізінде конкурстық жүйе бойынша анықталған жеңімпаздардың барлығына арнайы диплом және Қазақстан Республикасы Педагогтар Қоғамы тарапынан «Ұстаз» ордені және «Үздік педагог» төсбелгісі, «Үздік жас педагог» төсбелгісі, «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі, «Үздік педагогпсихолог» төсбелгісі, «Үздік тәрбиеші» төсбелгісі тағайындалды. Аталған республикалық байқауға Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің ұстаздары да белсенді қатысып, өз жұмыстарын жіберген еді.

2021 жылдың 26 қарашасында комиссияның қорытынды нәтижелері жарияланды: Сонымен, «Тәуелсіз елдің ұстазы - 2021» республикалық байқауының шеңберінде жеңімпаз атанған қатысушылардың тізімінде біздің үш ұстазымыз бас жүлделерге ие болды! Олар;

«Ұстаз» ордені бойынша:

Сералимова Роза Сейілбекқызы- қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

«Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі бойынша:

Сихымбаева Жазгүл Ерсінқызы

«Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бойынша:

Закирова Райгүл Ғабитқызы

Барша мектеп ұжымы жеңімпаз-әріптестерін осы жеңіспен шын жүректен құттықтап, оларға шығармашылыққа толы ізгі ниет тіледі!