БАҚДӘУЛЕТ САҒАТОВ-"ТӨРТ ҚҰРЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТЫҢ" ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Сүйінші, құрметті ағайын! Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің 3 курс студенті, конькимен жүгіру бөлімінің спортшысы Бақдәулет Сағатов, мәртебесі жоғары халықаралық сайыста, ересектер арасындағы өз спорттық мансабында, тұңғыш рет жүлдеге қол жеткізді! Бәрекелді!

Бұл, көптен күткен оқиға, күні кеше Канада елінің Калгари қаласында өткен "Төрт құрлық чемпионатында" орын алды. Стайерлік қашықтықта, яғни 5.000 м бәсекеде Бақдәулет негізгі қарсыластарына дес бермей, осы дүбірлі бәсекенің ҚОЛА медалін ұтып алды!

Бұл жеңісті біздің жанкүйерлер жобасымен 30 жылдай күтті.

Атап өтетін жайт: Бақдәулет Сағатов - қазақтан ерлер арасынан шыққан тұңғыш спортшы, осындай жоғары жүлдеге қол жеткізіп отырған!

Ал, тарихқа сүйенсек, осы спорт түрі бойынша, ол екінші қара көз қандас- бауырымыз Әлемдік додада көзге түскен. Осыдан 30 жылға жуық бұрын, тәуелсіз Қазақ Елінің конькишісі Кенжеш Сәрсекенова, халықаралық жарыстарда жүлдеге ие болған еді.

Енді міне, бүгінгі күннің жаттықтырушы Сәрсекенованың шәкірті өз ұстазының ізің басуда. Қандай ғанибет...

Бұл тарихи жеңісті Бақдәулет пен бапкерлері Қазақстан Республикасының 30 жылдық тәуелсіздігіне арнап отыр!

Ал, біздің ұжым болса, барша Қазақ Елінің азаматтарын, коньки спортының жанкүйерлерін және қалын спорт сүйер қауымың осы жағымды жаңалықпен құттықтайды!