ДІН-МҰХАМЕД ҚОШҚАР - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР!

Астана қаласында өткен Грек-рим, еркің және әйелдер күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің студенті Дін-Мұхамед Қошқар қола медальга қол жеткізді.

67 кг салмақ дәрежесінде Даурен Кегенбаевтың шәкірті боз кілемде жақсы өнер көрсетіп жүлдеге ие болды.

Бұл осы байрақты бәсекедегі "қажымұқандықтардың" жинақтаған екінші медалі болып табылды. Құтты болсын!

{gallery}15-12-2021{/gallery}