«Жемқорлық – індет, оны жою – міндет»

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің студенттерімен «Жемқорлық – індет, оны жою – міндет» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы баяндама оқылып, қазіргі таңдағы қоғам дерті туралы білім алушылармен талқылау жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру барысы туралы нақты дәйектемелер келтірілді. Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу - олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарын жеткізуді көздеген шара өз мақсатына жетті. Іс шара барысында Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ардақ Қазтайқызының баяндамасы оқылды. Қазіргі қоғам дертімен күресу кезеңінде, өскелең ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып саналады.