КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА БӨЛІМІ-БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!

Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, осы апта бойы, аттестациялау науһаны қарқынды түрде өтуде.

Бүгіңгі кезек - көркем гимнастика бөлімінің спортшы-оқушыларында.

Екатерина Есикова бастаған бапкерлік топ спортшы-қыздардың нәтижелерімен таныстырып, келешекте өтетін жарыстарда дайындық сапасын атап өтті. Оның айтуынша, біздің көркем гимнасшыларымыз толық ұжымда Қазақстан Ұлттық құрама командасының сапында екен. Топтық (командалық) сайыс бойынша жарыста олар қосалқы құрамының мүшелері (7-9 сынып оқушылары). Ал, 10-11 сынып оқушылары негізгі құрамның спортшылары. Айта кететін жайт, көбі халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, қалғандары-ҚР спорт шеберлері!

Оқушыларымыз сынақтан сүрінбей өтіп, "өте жақсы" деген бағаға ие болды.

Келесі жылы қыздарымыз "Азия балалары" (РФ, Владивосток қ.) атты халықаралық және де басқа дүниежүзілік жарыстарға қатысады.

{gallery}10-12-2021{/gallery}