БІЗДІҢ СТУДЕНТ-ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

 

23 сәуірде, Польша елінің Кельце қаласында бокстан жастар арасында өткен Әлем чемпионатының финалында Қ. Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінің 1 курс студенті Сабыржан Ақхалықов өзінің Украина қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп Әлем чемпионы атағына ие болды!

Сабыржан Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тумасы. Бокспен 13 жасынан бастап айналысуда. Жеке бапкері Александр Насибуллин.
Бұл жетістік оған халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болуға мүмкіндік берді. Құттықтаймыз!

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://kazhimukansportmektebi.kz/ru/novosti/759-bizdi-student-lem-chempiony-atandy#sigProId02cc42625a