Көліктегі және тәртіпті жол қозғалысындағы ережелер бойынша нұсқаулық

  1. Көшеге шыққаныңда жүргіншілерге кедергі жасамау үшін алдымен солға, сонан соң оңға қарап ал.
  2. Мектепке барарда көшеден өтетін жері сирек кездесетін қозғалыс бағытын таңдап ал.
  3. Қала көшелерінен өткенде мұқият бол. Асықпа. Тек жаяужолмен немесе жолдың жиегімен жүр.
  4. Көшеден өту аз болса - қауіп те аз.
  5. Жаяужолдың оң жағымен асықпай жүр.
  6. Жолдың шетінен алыс жиегімен жүр.
  7. Көшенің немесе жолдың жүретін бөлігіне шықпа.
  8. Қақпалар қасынан өткенде, әсіресе, мұқият бол: қақпадан автомобиль шығуы мүмкін.
  9. Тоқтап тұрған автомобильдің қасынан байқап өт: жолаушылар кенет есік ашып қалып сені соғуы мүмкін.
  10. Көшеден тек жаяу жүргінші жолымен өт.
  11. Көшеден өтерде сол жағыңа қарап ал. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса –жүр. Жолдың ортасына жеткенде, тоқта. Егер көлік қозғалысы басталса, «қауіпсіздік аялдамасында» күт. Енді оң жағыңа қара. Егер жолдың жүретін бөлігі бос болса, көшеден өтуіңді аяқта.
  12. Жаяу жүргінші жолы жоқ көшеде жаяужолдың бір бұрышынан келесі жаяужолдың бұрышына дейін өткен дұрыс: бұл қауіпсіздеу болады.
  13. Егер көшеде қозғалыс үлкен болса, басқа ересектерден немесе полиция қызметкерінен көшеден өткізуін сұра.
  14. Көлікті отыру алаңында немесе жаяужол бойындағы аялдама белгісі бар жерде күт.
  15. Автобус, троллейбус, трамвайға отырар алдында тәртіп сақта. Басқа жолаушыларға кедергі жасама.
  16. Автобус, троллейбус, трамвайға артқы есік арқылы кір.
  17. Шығарда тек алдыңғы есіктен шық. Алға қарай ілгерілеп шығуға алдын ала даярлан.
  18. Көлікке кіріп, шығарда асықпа және итерме.
  19. Трамвайдың алдынан айналып өт. Автобус пен троллейбустың артынан өт. Автобус пен трамвайдан түскенде жаяужолмен жаяу жүргінші жолына дейін жетіп барып, көшенің екінші бетіне өту керек.
  20. Көшеден өткенде, бағдаршамның дабылына назар аудар: қызыл – ТОҚТА - барлығы тоқтау керек; сары – НАЗАР АУДАР – келесі дабылды күт; жасыл – ЖҮРІҢІЗ – көшеден өтуге болады.
  21. Көліктің ішінде қозғалып жүрме, үстағыштардан ұстап тұр, терезеден басыңды шығарып қарама, қолыңды шығарма, қажетінсіз апаттық батырманы баспа.
  22. Жолда не оның жанында ойын ойнама. Велосипедпен, роликті конькимен және т.б. жүрме.
  23. Көшеде жақын келген көліктің алдынан жүгіріп өтпе.
  24. Жақын өтіп бара жатқан көлікке жармасып тіркеспе.

Электрқауіпсіздік бойынша нұсқаулық

  1. Электрқұралдарының тоқ жүйесіне қосылуының ережесін мүлтіксіз орындаңыз: баусымды (кабель) ең алдымен құралға қосыңыз, содан соң жүйеге. Құралды сөндіру кері реттілікпен жүргізіледі.
  2. Үйден, тіпті бөлмеден шығарда міндетті түрде электрқұралдарын сөндіріңіз (үтік, теледидар және т.б.).
  3. Штепсельдің айырын ашалы розеткаға су қолыңмен қоспа.
  4. Еш уақытта электр сымын қолыңмен тартпа – қысқа тұйықталу болуы мүмкін.
  5. Ешбір жағдайда жалаңаш сымға жақындама және ұстама – тоқ соғуы мүмкүн.
  6. Арнайы тығырықсыз шәйнек, үтік, плиткамен қолданбаңыз.
  7. Тоқ жүйесіне қосылған ыдыс және суға (егер ол металлдан жасалған болса) қол тигізбеңіз.
  8. Еш уақытта тоққа қослып тұрған электрқұралдарын дымқыл шүберекпен сүртпеңіз.
  9. Гүл өсірілген құмыраны электр сымдарының үстіне ілмеңіз.
  10.  Жанып жатқан электрқұралдарын сумен сөндіруге болмайды.
  11. Жерде жатқан немесе салбырап тұрған электр сымдарына жоламаңыз.
  12. Жақын арада электр желілері өтетін үйлер және басқа да құрылыстардың шатырына, сонымен қатар электр тасымалдау әуе желілері өтетін тіреуіштерге (бағандарға) шығу қауіпті.
  13. Трансформаторлық қосалқы станция, күштік қалқаншалар, үйлестіруші құрылғыларды ашып көруге тырыспаңыз – ол өлім төндіреді.
  14. Электр шамына абажур қалқан ретінде қағаз не матаны қолданбаңыз.
  15. Электрқұралдарын тоқ жүйесіне қосылып тұрған күйінде жөндемекші болмаңыз.
  16. Электрқұралдарының жануы болған жағдайда, өрт жалынын өзіңіз сөндіре алмасаңыз, телефон арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.

Ауладағы, көшедегі, үйдегі және қоғамдық орындардағы кездесетін келеңсіз жағдаяттардың алдын алу нұсқаулығы

  1. Пәтерден (үйден) шығар алдында есіктегі кішкен тесіктен оның алдында ( есік алды алаңшада) бөгде адамның жоқтығына көз жеткізіңіз, олай болмаған жағдайда күте тұрыңыз.
  2. Еш уақытта бөгде (танымайтын) адамдармен лифтке, сонымен қатар кіреберіске немесе баспалдақ алаңына, егер онда күдікті адамдар, әсіресе бір топ адамдар тұрса кірмеңіз.
  3. Егерде сізге лифте біреу бас салса, «Диспетчерді шақыру» батырмасын басуға тырысыңыз, бірақ айқайламаңыз, әсіресе, жақын арада сізге көмекке келе алатын адамдар барына сенімсіз болсаңыз.
  4. Аулада жүрген уақытта сізден жасы үлкен, ішімдік күйіндегі немесе есірткіге мас, құмар ойындармен және де т.б. шұғылданып отырған топ жасөспірімдерден аулақ болыңыз.
  5. Ешқашан таныс емес (бөгде) адамдармен автокөлікке, мотоцикл және т.б. отырмаңыз.
  6. Егер үйдің жанында ересек адамдар болмаса, өзбетіңмен қымбат заттарды (магнитофон және т.б.) алып шықпа.
  7. Аса қажетті болмаса өздеріңмен ақша, қымбат заттарды алып жүрмеңдер.
  8. Төбе, шатыр, жертөлелерде тентіреп жүрмеңдер.
  9. Далада қыдырған кезде, үйден алыстамай, өздеріңе таныс топтар компаниясында болуға тырысыңдар. Егер үйден алшақ кетсеңіз, әсіресе, басқа ауданға биге (дискотекаға), базарға, дүкенге, концертке және т.б. соңғы шарт міндетті. Сонымен бірге үлкендердің сіздің қайда екендігіңізді білгені жөн.
  10. Көмекке шақыру – қорқақтықтың белгісі емес, қажетті өзін-өзі қорғау, кейде – құтқару құралы.
  11. Егер сіз тосқынға тап болсаңыз – сізге тисушілер көп, олардың күші басым болса, жақын арада сізге көмекке келер жан болмаса, одан да олардың сұраған ақша не басқа да затын бергеніңіз жөн. Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз бен денсаулығыңыз бәрінен де қымбат.
  12. Егер сізді (түнде) және т.б. уақытта біреулер қуаласа, онда сіз адамдары көп, шамның жарығы бар жерге қарай жүріңіз (жүгіріңіз).
  13. Ешқашан өздеріңнен ересек балалармен немесе мүлдем таныс емес адамдармен құмар ойындар, әсіресе, ақшаға ойнамаңдар.
  14. Жеке басты қауіпсіздендіру мақсатында ( ұрлаудың алдын алу) қажет:
  • жеке болған жағдайда, әсіресе көшеде, мектеп пен бос уақытын өткізер жерлерге барар және келер жолда, жалғыз қалмауға тырысу;
  • мектепке, дүкенге, достарыңа және т.б. барар қозғалыс бағытын жиі ауыстырып тұрған жөн;
  • ешқашан таныс емес адаммен , әсіресе бір нәрседен күмәнді адамдармен сөйлеспеген жөн;
  • бөтен автокөлікке отырып, бөгде адамдармен жүрмеген жөн;
  • туыстарыңызды қашан, кіммен, қайда баратыныңыз, кімде, қанша уақыт болатыныңыз, қашан қай уақытта, қандай жолмен үйге қайтатыныңыз (мүмкіндік болса, сізді қандай телефон арқылы, немесе басқа координата арқылы) табуға болатыны жөнінде құлақдар етіңіз.

Жарылмаған снаряд, мина, граната және пакеттерді тапқан кезде қауіпсіздендіру ережелері бойынша нұсқаулық

  1. Көлікте, үйге кірер кіреберісте және т.б жерлерде қалдырылған түйіншек (сөмке, қорап және т.б.) байқасаң, еш уақытта тиіспе: онда жарылғыш құрылғы болуы мүмкін.
  2. Тапқан затыңыз туралы кезекші полиция қызметкеріне хабарлаңыз.
  3. Егер түйіншек, сөмке, қорапты қалалық көлікте байқап қалсаңыз, ол туралы жүргізушіге хабарлаңыз.
  4. Егерде сіз еркіңізден тыс террорлық актке куәгер болсаңыз, сабырлық сақтаңыз. Жағдаят орнынан қашып жатқан адамдарды есіңізде сақтауға тырысыңыз, мүмкін солардың өздері қылмыскерлер шығар.
  5. Жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жарылыстан не атудан зардап шеккендерге мүмкіндігіңізше көмек көрсетуге тырысыңыз.Өз ақпаратыңызды оқиға болған жерге келген арнайықызмет қызметкерлеріне хабарлаңыз.
  6. Сіздің қолыңызға қандай да бір жағдайда жарылғыш пакет тиетін болса, онымен ойнамаңыз: ауыр күйік жарақат алуыңыз мүмкін.
  7. Отқа патрондарды тастамаңыз – олар атып, сізді жарақаттауы мүмкін.
  8. Оттек баллоны, жаншу ыдысы, еріткіштер мен бензиннің, газ бен ауа қосындылары сақталған бос бөшкелердің жарылысынан сақтаныңыз.
  9.  Снаряд, мина, гранатаға ұқсас заттарды көрсеңіз, қасына жақындамаңыз және тас лақтырмаңыз: снярд жарылуы мүмкін. Күдікті зат жатқан жерді қоршаңыз және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз. Табылған зат туралы жақын арадағы адамдарға хабарлап, полиция қызметкерлерінің келуін күтіңіз.

Техникалық қауіпсіздік және оқушылардың күзгі демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі бойынша нұсқаулық

  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;
  2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
  3. Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.
  4. Салқын уақытта суға түсуге болмайды.
  5. Орман алабында жабайы жануарлармен кездесіп қалған жағдайда абай болу қажет.
  6. Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.
  7. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.
  8. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
  9. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
  10. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
  11. Тікенді, кескіш және шапқыш құралдармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
  12. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
  13. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

Жазғы уақытта үлкендердің жетегінсіз 23.00, ал қысқы уақытта 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.

Оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық

  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;
  2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
  • Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады.
  • Мұз үстінде абай болу. Мұздың 15 см. қажетті қалыңдығы болмаған жағдайда оның үстіне шығуға болмайды.
  • Шаңғы, коньки, шанамен абайлап қолданған жөн.
  • Теріні үсітіп алмау үшін ауаның температурасы өте төмен болған жағдайдасеруенге шықпаған жөн.
  1. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.
  2. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
  3. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
  4. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
  5. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
  6. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

Үлкендердің жетегінсіз 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.

Оқушылардың көктемгі демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық

  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек;
  2. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
  3. Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады. Қар еріп, сең жүру кезінде өзендерге жақындамай, абай болған жөн.,
    Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: тұмау мен салқын тиудің алдын алу шараларын қолдану.
  4. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
  5. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
  6. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
  7. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
  8. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.

Үлкендердің жетегінсіз 22.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.

Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі мінез-құлық ережесі мен техникалық қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық

  1. Көшеде жолдан өту кезінде, жол жүру ережелерін сақтап, мұқит болу керек.
  1. Орман, өзен-көлдерде серуендеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек:
  • Ауыл төңірегінде және орманды аймақтарда от жағуға тыйым салынады;
  • Суға арнайы белгіленген жерлерде және жылы уақытта ғана шомылуға болады;
  1. Таныс емес жидектер мен саңырауқұлақтарды тамақ ретінде қолдануға тыйым салынады.
  2. Өз денсаулығыңыздың қамын ойлаған дұрыс: шомылу мен күнге қыздырыну кезінде уақыт тәртібін сақтаған жөн.
  3. Электр құралдары: теледидар, электр үтік, шәйнек және т.б. тоққа қосып, ажырату кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу қажет.
  4. Газ құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
  5. Теледидар көру, компьютермен жұмыс жасау кезінде уақыт тәртібін сақтау қажет.
  6. Үлкендердің жетегінсіз тракторлық бригадалар, гараждар, фермаларға баруға тыйым салынады.
  7. Үй жануарларымен айналысқан кезде абай болу қажет.
  8. Үлкендердің жетегінсіз 23.00-ден кейін далада жүруге тыйым салынады.
  9. СӨС нормаларына сәйкес белсенді тынығу жүргізу.

Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау бойынша нұсқаулығы

  1. Қауіпсіздіктің ортақ талаптары:
  • Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедицияларға медициналық байқаудан өткен және еңбекті сақтау бойынша нұсқамалық ақпарат алған тұлғалар ғана жіберіледі;
  • Қауіпті факторлер:
    • Белгіленген қозғалыс бағдарын өзгерту, туристік топтың орналасу орнын өздігін тастап кету;
    • Аяқ киімді дұрыс таңдамаудың салдарынан аяқтың травмасын алу, аяқкиімсіз, шалбар, шұлықсыз қозғалу, улы және бауырымен жорғалаушы жәндіктердің шағуы;
    • Улы өсімдіктер, жемістер және саңырауқұлақтармен улану;
    • Тексерілмеген ашық су қоймаларынан су ішкен жағдайда асқазан-ішек ауруларын жұқтыру.
  • Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар ұйымдастыру барысында оқушылар, тәрбиеленушілер тобына екі ересек адам жетекшілік етуі қажет.
  1. Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар барысында зардап шеккенднерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін міндетті түрде дәрі-дәрмек және таңғыш материалдары бар бастапқы көмек дәрі қобдишасы болу қажет.
  2. Серуен, туристік саяхаттар, экскурсиялар, экспедициялар жүргізер алдында қойылатын талаптар:
  • Арнайы даярлықтан өту, нұсқаулық алу, медициналық байқаудан өткен денсаулығы жайында анықтама әкелу;
  • Маусым мен ауа-райына сәйкес қозғалысқа қиындық түсірмейтін денені қыспайтын ыңғайлы киім мен аяқ киім кию;
  • Қажетті дәрі-дәрмек және таңғыш материалдары бар бастапқы көмек дәрі қобдишасының барына көз жеткізу.