№ 201 - химия пәні кабинеті

Кабинет оқу ғимаратының екінші қабатында орналасқан, аумағы 50 м2. Қабырғалары ақ эмульсия бояуымен ақталған, төбесі аспалы, алты жарық-диодты шам ілінген; едені тақтайдан жасалған, линолеуммен жабылған. Кабинетте отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақтамен жабдықталған. Кабинетте тәжірибе жүргізуге арналған арнайы стол және тарту шкафы бар, және олардың екеуіне де су тартылған. Кабинетке химиялық реактивтер мен құрал-жабдықтар, ыдыстар сақтауға арналған арнайы препараторлық бөлме жалғасады. Ол жерде аса қауіпті реактивтерді сақтауға арналған сейф, аналитикалық таразы, реактивтер мен ыдыстарды қоятын шкафтар бар.

 

№ 203, № 303 - ағылшын пәні кабинеті

Кабинет мультимедиялық құралдармен жабдықталған: 14 оқушыға арналған жеке компьютер, 14 манитор, 14 құлаққап және микрофоннан тұратын гарнитур. Оқушыларға арналған жиһаз: 14 үстел, 14 орындық.
Мұғалімнің жұмыс орны: жеке компьютер, монитор, мұғалімге арналған құлаққап және микрофоннан тұратын гарнитур, принтер және Promethean сенсорлық интербелсенді тақтасы, документ камера және әдістемелік құралдарға арналған шкаф.

WhatsApp Image 2022 10 10 at 15.06.24WhatsApp Image 2022 10 10 at 15.06.26 WhatsApp Image 2022 10 10 at 15.06.27WhatsApp Image 2022 10 10 at 15.06.29
 

№ 206, № 307, № 310 - қазақ тіл мен әдебиеті кабинеті

Пән кабинеттері ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан. Кабинеттерде отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар және ақпараттық стендтармен жабдықталған.

 

№ 209, № 305 – орыс тілі және әдебиеті пәні кабинеттері

Пән кабинеттері ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында орналасқан. Кабинетте оқушыларға арналған 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар және ақпараттық стендтармен жабдықталған.

 

№ 210 -тарих пәні кабинеті

Пән кабинеті ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Кабинетте отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар және ақпараттық стендтармен жабдықталған.

 

№ 212, № 301 - математика пәні кабинеттері

Пән кабинеті оқу ғимаратының екінші қабатында орналасқан, аумағы 30 м2. Қабырғалары ақ эмульсия бояуымен ақталған, төбесі аспалы, алты жарық-диодты шам ілінген; едені тақтайдан жасалған, линолеуммен жабылған. Кабинетте оқушылар отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақтамен жабдықталған.

 

№ 302 Алгашқы әскери дайындық кабинеті

Кабинет қабырғасы ақпен ақтелген, 3 терезе бар. Кабинет қару-жарақтық бөлмемен және жаңа мектеп жиһазымен жабдықталған. Оқушыларға арналған 15 парта мен 30 орындық бар. Кабинетте оқушылардың киімдерін қоятын, мұғалімнің әдістемелік құрал-жабдықтарына арналған шкафтар қойылған, мұғалімнің жұмыс орыны компьютер, интербелсенді тактамен жасақталған.

 

№ 304 - физика пәні кабинеті

Кабинет оқу ғимаратының үшінші қабатында орналасқан, аумағы 45 м2. Қабырғалары ақ эмульсия бояуымен ақталған, төбесі аспалы, алты жарық-диодты шам ілінген; едені тақтайдан жасалған, линолеуммен жабылған. Кабинетте оқушылар отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақтамен жабдықталған. Кабинетте тәжірибе жүргізуге арналған арнайы стол бар. Физикалық құрал-жабдықтар, ыдыстар сақтауға арналған қосалқы арнайы препараторлық бөлме жалғасады. Ол жерде құрал-жабдықтарға арналған арнайы шкафтар қойылған. Кабинетте дәрі-дәрмектер салынған қобдиша, қауіпсіздік ережесі жазылған журнал және құм салынған жәшік бар.

 

№ 308 - информатика пәні кабинеті

Пән кабинеті оқу ғимаратының үшінші қабатында орналасқан, аумағы 40 м2. Қабырғалары ақ эмульсия бояуымен ақталған, төбесі аспалы, 4 жарық-диодты шам ілінген; едені тақтайдан жасалған, линолеуммен жабылған. Кабинетте отыратын 17 парта мен 24 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар және ақпараттық стендпен жабдықталған. Кабинетте қауіпсіздік журналы, дәрі-дәрмек салынған қобдиша мен өрт сөндіргіш бар.

 

№ 309 биология кабинеті

Кабинет қабырғасы ақпен ақтелген. Кабинет жаңа мектеп жиһазымен жабдықталған. Оқушыларға арналған 15 парта мен 30 орындық бар. Кабинетте оқушылардың киімдерін қоятын және мұғалімнің әдістемелік құрал-жабдықтарына арналған шкафтар қойылған. Компьютер, проектор, документ-камера бар. Биология кабинетіне арналған арнайы мамандандырылған құралдар: оқу фильмдері, барельеф модельдері, микропрепараттар жиынтығы, қаңқа, ХСР - 640Х Shen Ma оқушы микроскопы алынған. Мұғалімнің жұмыс орыны компьютер, принтер, проектор, документ-камерамен жасақталған.

 

№ 311- география пәні кабинеті

Пән кабинеті ғимараттың үшінші қабатында орналасқан, аумағы 40 м2. Кабинетте отыратын 15 парта мен 30 орындық, оқу құралдары мен әдістемелік-дидактикалық құралдар қойылатын, оқушылардың киім-кешектерін шешетін шкафтар бар. Мұғалімнің жұмыс орыны - жеке компьютер, принтер қойылған үстел. Кабинет интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар, ақпараттық стендтар мен карта және көрнекі құралдармен жабдықталған.

 

Кітапханалық қор

«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» республикалық мемлекеттік мекемесі кітапханасының басты мақсаты – оқу процессін ақпараттық ресурстармен: қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік, ғылыми және көркем әдебиеттермен қамтамасыз ету мен оқырмандарға жедел және сапалы қызмет көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін жыл сайын кітапхана қоры Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тарапынан толтырылады.
Кітапхана мекеме ғимаратының екінші қабатында орналасқан, жалпы көлемі - 84,90 ш.м., оқу залындағы орындар саны-12. Негізгі қорды сақтауға бөлек бөлме арналған. Кітапханашы жүктемесі -1 бірлік. Кітапхана қорында барлығы – 18920 оқулық.
7-11 сыныптарға арналған оқулықтар – 7132
Оқу-әдістемелік құралдар - 4937
Әдеби оқулықтар – 3286
Электрондық оқулықтар – 274
Кітапханада бір жеке компьютер бар.