ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Жұмысы туралы есеп
ӘК жұмысы туралы есеп

2020 жылдың 8 қаңтарында «Қ.Мұңайтпасов ат. олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-де «Жаңаша оқыту – уақыт талабы» тақырыбында әдістемелік отырыс өтті. Отырыс барысында білім саласындағы өзекті сұрақтар талқыға салынды.

Оқу бөлімінің әдіскері Т.Н.Чиркова жаңа шыққан «Педагог мәртебесі туралы» Заңды талқылауды ұсынды. Ол өз тарапынан Заңның барлық бөлімдеріне тоқталып, ұстаздарды белсенді түрде пікір алмасуға тартты. Атаулы Заң педагог ұстаздардың мәртебесін, құқығы мен әлеуметтік шектерін анықтап, олардың міндеттері мен жауапкершлікткрін көрсететіні туралы айтты.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Г.Қ.Смағұлова «Жаңаша оқыту – уақыт талабы» тақырыбында өзінің баяндамасын оқыды. Мұғалім баяндамада өз жұмысы барысында қолданатын инновациялық әдіс-тәсілдері мен оған деген қатынасын анық көрсетті.

К.Ж.Парманова, химия пәнінің мұғалімі «оқшылардың танымдық қабілеттерін арттыру» тақырыбы бойынша ойын ортаға салды. Оның баяндамасы барлық мұғалімдер тарапынан қолдау тапты. Талдау барысында барлық ұстаздар тақырыпқа сай ойларымен, сабақ барысында қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Т.Н.Чиркова қайта сөз алып, мектеп ұстаздары – Э.А.Қанапияева, Ш.М.Таева, Л.В.Филько және Т.Н.Чирковаға «Педагогикалық идея панорамасы» аймақтық бейне-сабақ және бейне-баяндама конкурсына қатысып, конкурс материалдарына сараптама жасауға ат салысқандары үшін  «Өрлеу» ҰҚДО АҚ-мының басшысы Л.А.Саинованың алғыс білдіретіні туралы айтып, мадақтама грамоталарын табыстады.

ӘК жұмысы туралы есеп

2018-2019 оқу жылында «Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ ұжымы

 «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үрдісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша жұмыс атқарды.

     Мектептің әдістемелік қызметінің алдына келесі мақсаттар мен міндеттер қойылды.

Мақсаты: мұғалімнің педагогикалық шеберлігін, білім беру процессін және оқытудағы жаңа әдістемелер арқылы оқушының табысқа жетуін жетілдіру.

Міндеттері:

- жаңа мемлекеттік білім стандарттарын іске асыруда және инновациялық оқыту технологияларын дамытуда әдістемелік қолдау көрсету;- мұғалімдердің педагогогикалық шеберлігін  үздіксіз жетілдіру арқылы білім сапасын көтеру;- мұғалімдерді аттестациялауға дайындық кезінде әдістемелік көмек көрсету.Осы мақсаттар мен міндеттерге сәйкес мектептің әдістемелік жұмысы келесі іс-шараларда жүзеге асырылады.

1.Педагогикалық кадрлармен жұмыс:

-мектептің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау.

  1. Әдістемелік кеңестің жұмысы:

—тақырыптық педагогикалық кеңестер;

—пәндік апталықтар;

—ашық сабақтар.

3.Педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және тарату бойынша жұмыс.

  1. Ақпараттық әдістемелік жұмыс.

5.Оқушылармен жұмыс.

Бұл әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың дәстүрлі, бірақ сенімді формалары.Олардың көмегі арқылы білім беру бағдарламалары мен мектеп бағдарламаларын іске асыру, өзекті педагогикалық технологияларды (тұлғалық-бағытты, денсаулық сақтау, дамытушы) қолдану арқылы  білім мазмұнын жаңарту жүзеге асырылады.

Алға қойылған міндеттер толық көлемде орындалып, төмендегіге мүмкіндікті берді:

  • Оқу үдерісінің қатысушыларына жағдай жасау үшін мектеп әкімшілігінің жоспарланған қызметіне;
  • оқушылардың оқып-үйрену сапасын қамтамасыз ету үшін басқару шешімдерінің орындалуын талдау;
  • жекелеген педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және соған байланысты қызметті түзету.

Білім беру сапасы мен оның тиімділігі көп дәрежеде педагогикалық ұжымның кәсіби мінездемесіне, оның біліктілігі, жаңаенгізілімдерді қабылдай алуына, тәжірибесіне ... байланысты болады.

Жоғары білікті педагогикалық ұжым - педагогикалық жүйе ретінде мектептің табысты жұмыс істеуі мен дамуының негізі. Мектептің әдістемелік қызметінің  маңызды бағыты – біліктілікті жоғарылату курстық жүйесі арқылы тұрақты түрде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады. Педагогтар кәсіби шеберліктерін арттыруға талаптанады, жүйелі түрде біліктілігін жоғарылату курстарынан өтеді. 2018-2019 оқу жылында біздің мектебіміздің педагогикалық қызметкерлері: Қасымова Қ.Р. – физика пәні мұғалімі; Бапишева Қ.Д. – қазақ тілі пәні мұғалімі; Қанапияева Э.А. – география пәні мұғалімі; Умурзақова Н.Е. – биология пәні мұғалімі; Утигалиев Р. – дене шынықтыру пәні мұғалімі; Камышев Г.К. – АӘД пәні мұғалімі «Өрлеу» ҰҚДО» ФАҚ-да біліктілігін жоғарылату курстарынан өтті. Биология пәні мұғалімі Умурзақова Н.Е. Астана Халықаралық университетіне «6М011300 - биология мамандығы» түсіп, маусым айында  «Биология бойынша білім беру бағдарламасының магистрі» атағын қорғап шықты.2018-2019 оқу жылында өздерінің біліктілігін қашықтықтан, қашықтық курстары: олимпиадалар, семинарлар, шебер-сыныптар, вебинарлар арқылы  жоғарылататын мұғалімдердің саны көбейе түсті. Саттыбаева Г.Ж.; Артықбаева Г.Д.; Мусакулова Н.С.; Мақышбекова Ж.К.; Смагулова Г.К.; Таева Ш.М.; Мадиева Б.Р.; Қошқарбаева Ж.М.; Пермаханова Е.А.   Педагогикалық кадрлардың атестатциясы педагог қызметкерлердің шығармашылық жетістіктерінің жақсы көрсеткіші, сапалы білім беруді басқаруды жетілдірудің механизмі  болып табылады.

 2018-2019 оқу жылы (қараша) ҚР БжҒМ жаңа стандарттары бойынша біліктілік аттестациясына 13 педагогикалық қызметкер қатысты:

-Чиркова Т.Н. – «педагог - шебер» біліктілік санаты;

-Молдашаева С.Ж., Қасымова Қ.Р., Мукашева Г.М., Парманова К.Ж., Сералимова Р.С., Сихимбаева Ж.Е., Алиева А.К., Зікірияева Г.Ж., Қанапияева Э.А., Умурзакова Н.Е., Филько Л.В.- «педагог - зерттеуші» біліктілік санаты;

-Бапишева Қ.Д. «педагог - сарапшы».

2018-2019 оқу жылында (қаңтар) ҚР БжҒМ жаңа стандарттары бойынша біліктілік аттестациясына тағы 12 педагогикалық қызметкер өтініш берді. Аттестацияның алғашқы кезеңі (мамыр) біліктілік тестінен педагогикалық қызметкерлер табысты өтті, екінші кезеңінің (мұғалімнің жеке портфолиосы) қорытындысы шілде айында белгілі болады.Ұжымдастарымызға табыс тілейміз! 

Қорытынды:
- аттестация мектептің педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің артуына және олардың еңбектерінің оңтайлы болуына септігін тигізді;

  • ұжымда уақытылы 5 жыл ішінде қайта даярлау курсынан өтпеген педагогикалық қызметкерлердің саны азайды;

-мұғалімдер кәсіби санаттарын арттыруға белсенділік таныта бастады;

Сөйтіп, мектебімізде сапалы білім беру үшін тиісті жағдайлар жасалды.

 

Келесі оқу жылына арналған ұсыныстар:

  • мұғалімдерді үздіксіз педагогикалық шеберліктерін арттыруға мотивациялау;
  • оқу жылының басында қашықтықтан оқытуды ұсынатын Интернет сайттардың тізімін беру;
  • «Өрлеу» ҰҚДО» ФАҚ және ПШО арқылы біліктілікті жоғарылату жоспарының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Педагогикалық қызметкерлерге аттестаттау рәсімін өту бойынша көмек көрсету жұмыстарын белсенді түрде жалғастыру.

Мектепте әдістемелік жұмыстарды басқаруда басты рөл, мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыратын, бағыттайтын, олардың шығармашылығын дамытуға жағдай туғызатын алқалы және кеңесші органы болып саналатын әдістемелік кеңеске тиесілі.

Әдістемелік кеңес мектептің тұтас педагогикалық ұжымының кәсіби қызметін үйлестіреді. Бүгінгі күнде әдістемелік қызметтің рөлі айтарлықтай өсті. Бұл жеке оқушы тұлғасының жеке тұлға ретінде дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, әріптестер, оқушылар қарым-қатынасында бағынудан ынтымақтастыққа ауысуда, сонымен қатар оқытудың жаңа технологияларын, заманауи әдістерін, тәсілдері мен формаларын тиімді, жедел және шығармашылықпен пайдалану қажеттілігімен байланысты.

2018-2019 оқу жылында мектепте әдістемелік жұмыс оқу процессін оңтайландыру тұрғысында, оқуға жеке көзқарас, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың денсаулық сақтау әдістерін және формаларын қолдану көлемінде жүргізілді. Барлық жұмыс формалары тәжірибе-бағыттық болды. Әдістемелік кеңестің жұмысы бірінші отырыста  құрастырылып және бекітілген мектептің 2018-2019 оқу жылығы әдістемелік жұмыс жоспары, сонымен қатар әдістемелік кеңес туралы Ережеге сәйкес жүргізілді

Жалпы жыл бойына өткізілген әдістемелік кеңестің отырыстары:                

Тамыз ӘК  № 1 отырысы:

2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік кеңестің жұмысын талдау.

Мектептің әдістемелік жұмысының жоспарын талқылау және бекіту.

Пәндік апталықтарды өткізу мерзімін бекіту.

Педагогикалық қызметкерлердің өзін-өзі жетілдіру жоспарларының тақырыптарын бекіту.

Мұғалімдер үшін түрлі жарыстарға қатысу туралы.

Қыркүйек     ӘК  № 2 отырысы  

«Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың инновациялық жүйесі»

Баяндама: «Критериалдық бағалау - білім сапасы». Қасымова Қ.Р.

 

ҚарашаӘК  № 3 отырысы  

«Оқушылардың пәндер бойынша оқыту деңгейін арттыру»Баяндама: «Жаңа стандарттарды меңгеруді қамтамасыз ететін заманауи сабақтың ресурстары» Чиркова Т.Н.

 

Қаңтар ӘК  № 4 отырысы

«Педагогикалық қарым-қатынастың шеберлігі мен мәдениеті»

Баяндама: «Мұғалімнің өзін-өзі жетілдіруі». Макашева Н.Я.

НаурызӘК  № 5 отырысы

 «Жетістіктер мен проблемалар»

Баяндама: «Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушылардың шығармашылық тұлға ретінде дамуының шарты ретінде» Бекежанова Д.Б.

 

Мамыр     ӘК  № 5 отырысы

«ӘК жұмысын талқылау»

  1. 7,8,10 сыныптар үшін қорытынды бақылау жұмыстарын бекіту.
  2. 2017-2018 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың қорытындысы.
  3. 2018-2019 оқу жылында мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау курстық жүйесімен сертификаттаудың қорытындыларын шығару.
  4. Тәжірибе алмасу мен таратудың қорытындысы.

Мектеп сайыстрының қорытындысы.

  1. 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау.

Мектептің әдістемелік жұмысы мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келесі қызмет бағыттарында жүзеге асырылады:

Тақырыптық педагогикалық кеңестер.

  • Семинарлар.
  • Педагогикалық тәжірибені анықтау мен тарату бойынша жұмыс.
  • Әдістемелік апталықтар.
  • Пәндік апталықтар.
  • Мұғалімдерге ақпараттық-әдістемелік қызмет көрсету.
  • Білім спасының мониторингі.
  • Педагогикалық шеберлікті, біліктілікті рттыру.
  • Басқарушы және педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау.
  • Күндізгі және сырттай жарыстар мен конференцияларға қатысу.

Бұл әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың дәстүрлі, бірақ сенімді формалары. Олардың көмегі арқылы білім беру бағдарламалары мен мектеп бағдарламаларын іске асыру, өзекті педагогикалық технологияларды (тұлғалық-бағытты, денсаулық сақтау, дамытушы) қолдану арқылы  білім мазмұнын жаңарту жүзеге асырылады.

Мектептің ұжымдық-әдістемелік жұмысының ең жоғары түрі әрқашан педагогикалық кеңес болып табылады және оның мақсаты - педагогикалық кадрлардың оқу процесінің деңгейін жоғарылату бойынша күш-жігерін біріктіру, іс жүзінде педагогикалық ғылымның жетістіктерін және озық тәжірибені пайдалану.

  1. Пән мұғалімдері пән апталықтары кезінде жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік атмосфера құра білді.

2.Оқушылар өздерінің жақсы пәндік білімдерін, әртүрлі жағдайларда білімді қолдануға қабілетті, өзара көмек, сұрақтарға ерекше шешім қабылдай алатындықтарын көрсетті.3.Тақырыптық апталықтардың әртүрлі қызықты формалары оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Келесі оқу жылына ұсыныстар:

интеграцияланған пән апталықтары немесе онкүндіктерін өткізуде қызықты тәжірибені жалғастыру.

 

Шешім:

  • Әдістемелік кеңестің барлық қызметі мұғалімнің педагогикалық дағдыларының өсуіне, білім беру процесінің сапасын жоғарылатуға ықпал етті.
  • Кездесу тақырыптары мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі проблемаларды көрсетеді; кездесулер мұқият дайындалған және ойластырылған;
  • сөйлеген сөздері мен тұжырымдары әдістемелік қорытынды жасауға мүмкіндік беретін талдау, практикалық нәтижелерге негізделген.
  • Өкінішке орай, өздігінен білім беру тақырыптарын таңдағанда, барлық мұғалімдер мектепте жұмыс істейтін әдістемелік тақырыпты ескермейді.
  • Оқытушылардың заманауи әдістер мен оқыту технологияларын меңгеру бойынша жұмыс жүргізілді.
  • Өз әріптестерінің сабақтарына өзара қатысу жұмыстары жеткілікті ұйымдастырылмаған

Ұсыныстар:

1.Жаңа білім беру технологияларын игеруде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру.

2.ПОҚ-ның педагогикалық шеберлігінің деңгейін жоғарылату мақсатында ӘК-нің іс-әрекеттерін олардың нақты біліктілік деңгейін және мұғалімдердің қажеттіліктеріне сәйкес бағыттау.

3.ӘК отырыстары формаларын әртараптандыру (дөңгелек үстел, шығармашылық есеп, іскерлік ойындар, семинарлар).

4.Оқытушылар өздігінен білім алу үшін тақырыптарды таңдаған кезде және ӘК жұмыс жоспарын жасаған кезде, мектеп жұмыс істейтін әдістемелік тақырыпты ескеру керек.

5.Педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату жұмыстарын жалғастыру.

 Мектептің әдістемелік жұмысына талдау мектептің әдістемелік тақырыбы білім беру ұйымының алдында тұрған негізгі міндеттерге сәйкес келетіндігін көрсетті. Әдістемелік жұмыста бастысы мұғалімдерге нақты тиімді көмек көрсету болып табылады.

Біздің мектепте осы оқу жылында қойылған міндеттер негізінен сәтті жүзеге асырылды. Әдістемелік жұмыс - әр түрлі деңгейдегі кәсіптік конкурстар, қалалық және аймақтық семинарлар мен конференциялар, қайта даярлау курстарымен қатар жүретін салыстырмалы үздіксіз, тұрақты және күнделікті процесс екендігін көрсетті.

  Мектеп мұғалімдері мектептің әдістемелік кеңесінің жұмысына белсенді қатысады. Әдістемелік кеңес отырыстарының тақырыбы мектептің педагогикалық ұжымы шешуге тырысатын негізгі проблемалық мәселелерді көрсетеді. 
Мұғалімдердің әдістемелік және кәсіби біліктілігінің оң динамикасы анық, бұл келесі фактілерден көрінеді:

- көптеген мұғалімдердің  тәжірибе алмасу және тарату бойынша жұмыстары белсендірілді,

- педагогикалық және әдістемелік нәтижелермен бөлісуге деген ұмтылысты артты;- Мұғалімдердің шығармашылық қабілеттері өсті, интернетте жұмыс істейтін (өздерінің веб-сайттарын және беттерін жасау, өз материалдарын басып шығару) мұғалімдер саны артты;

- ұстаздар ұжымының кәсіби деңгейі жоғарылады;

- көптеген мұғалімдер өзінің оқыту тәжірибесінде жаңа педагогикалық технологиялық әдістемелерді  қолдануға тырысады;

- мұғалімдер өзінің кәсіби қызметіне талдау жасау дағдысын жетілдіреді;

- мұғалімдердің әдістемелік жинақтарын толықтырады.

Негізінен, 2018-2019 оқу жылындағы әдістемелік жұмыстың міндеттері орындалды.

Joomla Plugins