Сыныптан тыс іш-шаралар

 

Открытый урок

Жарастылыстану пәндері онкүндігі шеңберінде 2023 жылдың 26-сәуірінде «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде» «Біздің экологиялық ізіміз» тақырыбында 7-10 сыныптар аралығында бейнеролик жасау сайысы өтті. Сайыс мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту, өзіне сенімді, проблеманы шешуге стандартты емес тәсілмен келуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Сайысқа қатысқан сынып оқушылары аса белсенділікпен және жауапкершілікпен қатысып, экологиялық мәселелерді жан-жақты аша білді. Бейнероликтер бірнеше критерийлер бойынша сарапталып, үздіктер ашық дауыс беру арқылы анықталды.
І орын 8 «Б» сыныбы еншісіне тиді. ІІ орынды 9 «А» сыныбы иеленсе, ІІІ орынды 7 «А» мен сыныптары бөлісті. Қалған сыныптардың жұмыстары түрлі номинациялармен белгіленді.
Осы өткізіліп отырған іс-шара оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды.
Осы орайда мектеп оқушылар тарапынан мектеп әкімшілігіне креативтік ұсыныстар да айдылды.

Оқу бөлімі

 

 

Открытый урок

Жарастылыстану пәндері онкүндігінде 25-сәуір күні «Біздің айналамыздағы құпиялар» тақырыбында 8-9 сыныптар аралығында табиғат дүниесіндегі адам баласы құпиясын ашып болмайтын таңғажайып құбылыстар туралы ғылыми марафон өткізілді. Марафон мақсаты: оқушылардың ізденушіліктері мен қызығушылықтарын арттыру арқылы шығармашылығын дамыту.
Ғылыми марафонға қатысқан сынып оқушылары өздерінің дайындап келген тақырыптарын аса белсенділікпен қызықтыра оқып берді. Тамашалауға келген қонақтар сабақтың соңында өздерін таң қалдырған тылсым табиғат құбылыстарының ғажайыптарына деген таңданыстарын айта отырып оқушыларға алғыстарын білдірді.

27-сәуір күні балаларымыз өздерінің жасаған құс ұялары мен жем шашарларын мектеп ауласындағы ағаштарға іліп шықты.

Оқу бөлімі

 

Открытый урок

 

Саяхат тәрбие сағатының есебі

18.04.2023 жылы 9 «А»,«Б», «В» сынып оқушылары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніне барды.

1

Оқушылар қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

2

Мұражай кешенін аралау кезінде оқушылар экспозициялар мен басты залдарды көріп, танысты.

5 6

Мемориалды кешенде тоталитаризм дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының "АЛЖИР"-да өткізген бейнетті күндері мен әрбірінің сарқылмас ерік-жігері жайлы сыр шертетін деректі фильм көрсетілді

3

 

Бүгінгі саяхат сабақ, біздің мектебіміздің оқушылары  үшін сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алып, бүгінгідей бейбіт өмірде осындай қасірет қайталанбасын деген мақсатта жасалынды.

Жауапты сынып жетекшілер: Канапияева Э, Макышбекова Ж, Артықбаева Г

Ашық сабақ

2022 жылдың 24-қарашада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 9 "Б" сыныбында алгебра пәнінен "Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n мүшесінің қосындысы" тақырыбында ашық сабақ өтілді.

Сабақтың мақсаты: Есептер шығару барысында арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың алғашқы n мүшесінің қосындысының формулаларын қолдану.

{gallery}000/ucheb/2022/12/24{/gallery}

Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт руханиятының көсемі

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалымы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы барша Қазақ Елінде аталып өтуде.


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде, мекеменің оқу бөлімінің ұйымдастырылуымен, оқушылар арасында, оқу-әдістемелік конференция өтті.

Іс-шара барысында спортшы-оқушылар Аханның ізгілікпен өрліген өмірінің әр кезеңіне нақты тоқталып, көне тарихка бет бұрып, мухият зерттеу арқылы, бір-бірімен пікір алмасты. Онлайн-формат арқылы жаңадан түскен оқушылар да өз сәлемдерін жолдап, жазушы-ақынның өлеңдерін оқып берді.

Конференция жұмысында сөз алған баяндамышылар А. Байтұрсынұлының әдебиеттік, саяси, ғылыми, ақын-сазгерлік, аудармашылық жұмыстарына бөлек тоқталып, толыққанды ақпаратпен бөлісті.

Іс-шара соңында бірқатар белсенді қатысушыларға руһани байлығы бар кітаптар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.

Осы шараға шақырылған қонақтар арнайы сөз алып, оқу-спорттық мекеменің қызметкерлерін Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен құттықтап, барша жиналған қауымға шығармашылық пен спорттық жетістіктерді тіледі.

{gallery}000/news/2022/09/07{/gallery}

ҰШҚЫР ОЙ МЕН ШЕШЕН ТІЛ

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК оқу бөлімінің ұйымдастыруымен орыс сыныптар арасында қазақ тілі бойынша "Ұшқыр ой мен шешен тіл" атты интелектуалдық ойын өтті.
Ашық ойын сабағына қатысушылардың  басым бөлігі жаңадан оқуға түскін спортшылар болып табылды. Олар таусылмас өздерінің өнерлерімен жиналған көрермендермен бөлісті.


Қазақ тілі пәнінің ұстаздары бұл сайысты қызықты түрде ұйымдастырды. Ойын ретінде. Балалардың тапқырлықтарын арттырды.
Командалар екі ұжымға бөлініп бір біріне қарсылас болды. Бәсекелестік-спорттаға басты ұғым! Ешкім жеңілгісі келмейді. Осы ойында да.
Бірақ, спорт секілді, мында да нәтиже манызды.
Жеңімпаз бен ұтылған ұжымға да бағаналы сыйлық пен ынталандыру жүлделер бұйырды.
Мекеменің оқу бөлімі ұжымы оқушыларды жаңа қырынан көрсетуде. Бәрекелді!

{gallery}000/news/2022/09/09{/gallery}

Ашық сабақ

2022 жылдың 18-қарашада   Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің  7 сыныбында  география пәнінен «Ауа райының метеорологиялық элементтері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Ауа рай ұғымын түсіндіреді, температура , қысым ,жел, бұлттылық. жауын-шашын, ылғалдылық метерологиялық элеметтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтады

Сабақ барысында білімнің жаңартылған бағдарламасы бойынша сынып оқушылары топтарға бөлініп, жаңа заманауи технологиялар арқылы жұмыс жасады. Оқушылар өз беттерімен ізденістің және бірлескен жұмыстың нәтижесінде жақсы білімдерін көрсетті.

Сабақты талқылау барысында әріптестері оқытушы Е.А.Қанапияеваның дайындығы мен жаңа әдіс-тәсілдерді меңгергендігінің жоғары екендігін атап өтті.

{gallery}000/ucheb/2022/12/22-1{/gallery}

«Сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардаптары»

Тақырыбы:

«Сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардаптары»

Мақсаты:1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Сыбайлас жемқорлық туралы слайд, оқушылардың салған суреттері, т.б.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.
2- оқушы 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдызың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
4 - оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.

Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс (Әр топтан екі  оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.

Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

Қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық. Мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар! Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! 

{gallery}000/anticor/2022/12/19{/gallery}

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Күні: 24.11.2022г.

Сынып: 7 «Б»

Сынып жетекші: Таева Шынар Мукановна

Сынып сағатының тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сынып сағатына қысқаша шолу. Сынып сағатында жастар сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік туралы не білуі керек, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық ортаның дамуына әсер етуі мүмкін деген мәселелер талқыланды, өйткені олар қоғамның ең мобильді элементі ғана емес, сонымен қатар ақпаратты өндіруге және пайдалануға, онымен алмасуға, оны коммуникацияның басқа қатысушыларына жеткізуге қабілетті ең ақпараттандырылған процесс. Қорытындылай келе, жас ұрпақ өкілдері болашақта елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетіп қана қоймай, оны шенеуніктер мен азаматтардың кейбір қызмет салаларында толығымен жойып, өз түзетулерін енгізуі мүмкін, оқушылар өз пікірлері мен әсерлерімен бөлісті, оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, бірге жауаптар тапты.

{gallery}000/ucheb/2022/11/24{/gallery}

Кірістірілген функциялар

Күні23.11.2022г.

Сыныптар8 «В»,  9 «В», 10 «В»

МұғалімТаева Шынар Мукановна

Сабақ тақырыбыКірістірілген функциялар

Сабақтың мақсаты: MSExcel-де есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды (математикалық, статистикалық, логикалық) пайдалану.

Сабаққа қысқаша шолу. Біріктірілген ашық сабақ бірнеше кезеңнен тұрды. "Kahoot" ойынының көмегімен оқушылар өткен тақырыптар бойынша өз білімдерін көрсетті, содан кейін 9"В" сынып оқушысы Аида Хакимжанова математика мұғалімі Ж.Е. Сихимбаеваның жетекшілігімен оқушыларға классикалық және интерактивті тақтада "функция" ұғымының математикалық анықтамасын оқушыларға еске салды. Келесі кезеңде 3 топ зерттеу жұмысының тақырыптары бойынша сөз сөйледі, теориялық тұрғыдан функциялардың 3 санатын талдады (Математикалық - Бигожина Аминат, Статистикалық - Карпенко Аделина және Логикалық - Жүнісбаева Жасмин), содан кейін интерактивті тақтасы бар мұғалімнің компьютерінде зерттеу жұмыстарының практикалық бөлігін 10"В" сынып оқушылары Кадылгожа Расул мен Белоусов Егор түсіндірді. Әрі қарай оқушылар YouTube бейне хостингінде ағылшын тілі мұғалімі Ж. М. Қошқарбаеваның бейнеролигін тамашалады (https://youtube.com/@ZZZhadra). Осылайша, информатика пәнінің мұғалімі Ш. М. Таева "Кіріктірілген функциялар" жаңа тақырыпты оқушыларға, өздеріне қойылған мәселені шешу арқылы, зерттеу жұмыстарымен ашылғанын қорытындылады. Содан кейін компьютерлерде студенттер MS Excel бағдарламасында кіріктірілген функцияларды қолдана отырып, бірнеше практикалық жұмыстарды орындады.   Ал сабақтың соңында, оқушылар алған жаңа білімдерімен "Сәттілік сатыда" қандай деңгейінде екенін көрсетті.

{gallery}000/ucheb/2022/11/23{/gallery}

: Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет

16.11.2022 күні 8 «Б»сыныбымен биология пәнінен Умурзакова Назгул үлгі сабақ көрсетті. Сабақтың тақырыбы: Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет.

Сабақта балалар «kahoot» ойыны арқылы қанның құрамы, қызметі туралы негізі сұрақтарға қызыға отырып жауап берді. Жаңа сабақта тақырыпты ашатын негізгі және нақты ақпараттар топтық жұмыс арқылы қорғалды.

{gallery}000/ucheb/2022/11/16{/gallery}

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының

Есебі:

Тақырыбы

Қазақ елі – менің Отаным!

Сыныбы

9 «Б» сыныбы

Мақсаты

Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайд

Жауапты мұғалім

Артықбаева Гүлнұр Данабекқызы

532253

«Ғылыми ізденіс»

2022 жылдың қыркуйек айындағы «Ғылыми ізденіс» республикалык ғылыми -әдістемелік журналының №62 шығарылымында «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мадиева Бакытнур Рахатылдақызының


«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» және қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Бапишева Қымбат Дабылбаевнаның «Жастардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» атты сыбайлас жемқорлыққа карсы курес бойынша мақалалары жарыққа шыкты.

{gallery}000/news/2022/10/28-1{/gallery}

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мекемемізде ұстаздар арасында "Қоғамға қауіпті кесел-сыбайлас жемқорлық" атты құқықтық оқыту жиналысын ұйымдастырылды. Жиында қозғалған мәселелер қазіргі таңдағы сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысы жоқ екеніңе дәлелденген. Оның ішінде, аталған сыбайлас жемқорлық, Қазақ Елінде де, әлеуметтік құбылыс ретінде, өкінішке орай, өз өмірін жалғастырып келуде. Ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіні туралы да нақты айтылды.

Жемқорлық-демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж ұжымы  үнемі сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оның кең таралуына жол бермеуде!

{gallery}000/anticor/2022/09{/gallery}

Жоспарлаған семинар өтті

2022 жылдың 26-ақпанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқытушыларына, тәрбиешілеріне «Эссе жазудың тиімді әдістері» тақырыбында Zerde білім орталығының ұйымдастыруымен семинар өткізілді.. Семинар барысында жаңа заманауи технологиялар арқылы жұмыс жасады. Оқытушылар өз беттерімен ізденістің және бірлескен жұмыстың нәтижесінде эссе жазудың тиімді жолдарын үйренді. Семинарға 28 адам қатысып, аяқталғаннан кейін сертификаттар табысталды.

{gallery}news/2022/02/28{/gallery}

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА-ҚАУЫМҒА ПАНА

2022 жылдың 22 қыркүйегінде, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледжінде келешек ұрпаққа - балаларымызға маңызы зор іс-шара ұйымдастырылып, нәтижелі түрде өтті.
Мектептің мәдени залында мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   А. Қ. Қалиева және тәрбиеші Т.С.Камзина ұйымдастыруымен Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының учаскелік инспекторлары: полиция капитаны Куланбаев Рүстем Бекболатұлы, ювеналдық полиция капитаны Қайырбекова Айсұлу Ерғалиқызымен және 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Бұл іс-шараның тақырыбы: «Құқықтық сана-қауымға пана» болып табылды.
Жалпы біздің қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі, ол: буллинг, кибербуллинг, мобингтің алдын алу шараларын жүзеге асыру. Оқушылар арасында бопсалау, әлімжеттік, қоқан-лоққы, т.б. тәрбиеден тыс амал-әрекеттерді болдырмау және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу – бұл барша мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналар мен құқық қорғау органдардың парызы мен міндеті.
Өткен шараның мақсаты, ол: оқушылардың өз құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдында жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен  тәртіпшіліктің тиімді жолдарын таба білуге үйрету, оқушылардың бойында демократикалық көзқарасты қалыптастыру, буллинг, кибербуллингтан аулақ болу, құқықтық сауатылыққа тәрбиелеу. 
Шара барысында оқушыларға бала құқықтары жайлы кең және тың мәлімет  берілді . Кез келген зорлық- зомбылықтан балалардың құқықтары заңмен қорғалатындығы айтылды. Атап өтсек, Қазақстан Республикасының жасөспірім азаматы 14 жастан бастап Қазақстан Республикасының қылмыстық істері заңнамаларына сәйкес, заңды түрде жауапқа тартыла алады, егерде қылмыс жасаса, әрине.
Отырыс соңыңда мектеп оқушылары көптеген сұрақтарға толық жауап алып, өздерінің  құқықтық сауаттылығын көрсете білді. Осындай, заңға қайшы іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында өткізілген іс-шара оқушылар үшін өте қажет және де өз жалғасын табады.
Полиция қызметкерлері өз телефондарымен балалармен бөлісіп, жедел жағдайда, кезкелген уақытта, хабарласуға болатының жеткізді.
Ашық диалог – сенімділіктің кепілі! Ауруын жасырған – ажалсыз өледі. Сол себептен, осындай кездесулер өте манызды да және пайдасы да зор. Жұмыла көтерген жүк-жеңіл! Баршамыз бір жұдырық болып келеңсіздікке жол бермей, тұтас ұжым болып, төтеп берейік!

{gallery}000/news/2022/09/22{/gallery}

Сынып сағаты

Тақырыбы: «Балаларға электронды және қарапайым темекінің зияны».

Күні: 24.12.2021 ж.

Сыныбы: 8 «В»

Өткізді: Макышпекова Ж.К. Кусаинов Б.М.

2021 жылдың 24 желтоқсанында Х.Мұңайтпасов атындағы спорт мектебнің  8 «Б» сыныбында «Қарапайым және электронды темекінің зияны» туралы оқушылармен әңгіме өткізілді. Мектептің спорт дәрігері Б.М. Құсайнов темекі түрлеріне кеңінен тоқталды. Темекінің зияны туралы қарапайым түрде, ерін жағдайда балалармен пікір алысты. Оқушылар өздерінің  қызықтырған сұрақтарын қойып, толық түрде  жауап алды. Оқушылар электронды темекінің зияны туралы қажетті ақпарат алып, оны  келешекте пайдаланбайтындарына сендірді.

{gallery}news/2022/02/24-2{/gallery}

Мәнерлеп оқу сайысы

Күні: 15.12.2021 ж.

Сынып: 7-9 сыныптар арасында

Мақсаты: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; патриоттыққа тәрбиелеу, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Жауаптылар: Сералимова Р.С., Смагулова Г.К., Алиева А.К.

Оқушылар өздерінің Отанға деген патриоттық сезімдерін, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін әдеби жырлар арқылы жеткізе білді.

{gallery}news/2022/02/24-1{/gallery}

Сынып сағаты туралы фото есеп Сынып жетекшісі: Макышпекова Ж.К.

Тақырыбы: Қорқыту.

Мақсаты: балалардың қорлау, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру;

қорқыту жағдаяттарынан шығу жолдарын табу қабілетін қалыптастыру;

құрбыларына толерантты көзқарасты қалыптастыру;

Күні: 20.10.2021 ж.

Сыныбы: 8 «В»

Қатысқандар: 16 оқушы

Сынып сағатында  оқушыларды  «қорқыту» терминімен танысты, презентацияны тамашалады.

{gallery}news/2022/02/24{/gallery}

КӨРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледжінде, география сабағы бойынша, жаратылыстану химия, биология, география пәндерінен 2022 жылдың ақпан айының 7-14 жұлдызы аралығында "Жер-біздің ортақ үйіміз" атты апталығында, барлық сыныптар арасында "Жараталыстану көріністері" көрмесі өтті.
Комиссия мүшелері бір ауыздан ұсынылған жұмыстарды үздік, деп санап, жоғары нәтижеге бағалады.
Ұстаздар мен оқушылар, жиналған қауымға, өз қолдарымен жасаған үлгілерді көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты.

 {gallery}news/2022/02/15-1{/gallery}

 

Тема:Көрме.

2022 жылдың  14-ақпанында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық олимпиада резервінің мамандандырыолған мектеп-интернат-колледжінде жаратылыстану бағыты бойынша  химия, биология, география пәндерінен  «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты апталық көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты, оқушылардың қолымен жасалған макеттерді көрсету. Әр сыныптан оқушылар өз жұмыстарын  ұсынып, таныстырылым жасады.

Аталмыш шараға оқушылардың үлкен жауапкершілікпен келгені көрінді. Ұстаздардан және әкімшілік тарапынан жасалған қазылар алқасы балалардың жұмысына жоғары баға беріп, оларды грамоталармен марапаттауға ұсынды.

{gallery}news/2022/02/14{/gallery}

Тема: Ерсайын Нарымбаев мектеп қонағы болды

Бүгін, белгілі ұстаз, спортшы-ардагер, композитор, жазушы, қоғам қайраткері Ерсайын Бариұлы Нарымбаев біздің мектептің мәртебелі қонағы ретінде өзінің творчестволық кешін өткізді.
Кештің тақырыбы мен мағынасы ағамыздың былтыр ғана дүниеден озған жұбайы,  ұстаз, жазушы болған - Аманкелді Қасымқызы Нарымбаеваға арнады.
Ол кісінің тірі кезінде жазып шығарған бір қатар кітаптарының мектеп-интернат балаларына тұсауын кестірді.
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мектеп-интернат-колледждің оқу бөлімі ұйымдастырған іс-шара Ерсайын ағамыздың әндеріне жазылған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

{gallery}news/2022/02/10-3{/gallery}

Тема: Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы.

2020-2021 оқу жылына даярлық шеңберінде «Қ Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» ұстаздары ата-аналар жиналысын өткізді. Онлайн жиналыс барысында сынып жетекшілері ата-аналарға эпидемиологиялық жағдайға сәйкес мектеп оқушылары қашықтықтан оқитыны, оқу барысында қандай оқу форматтарымен жұмыс жасайтыны және бағалау формасының өзгергені туралы ақпарат берді.

Ата-аналар алдында қашықтықтан оқу барысында қолданылатын оқу платформаларын көрсете отырып, «Балапан» және «Еларна» теле арналарынан өтетін телесабақтар туралы ескертті.

Сонымен қатар, жиналыста ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.

Тақырыбы: «Әлем туған елді танудан басталады»

2020 жылғы 7 ақпанда «Қажымқұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемелекеттік мекемесінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Әлем туған елді танудан басталады» атты презентация,болып өтті. Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында мектепішілік жоспарға сәйкес ұйымдастырылды. Оқушылар мұғалімнің көмегімен жасалынған презентацияны қорғап, өз ойларын ортаға салды. Презентацияны 11 «Б» сынып оқушысы Зинат Аллан жане 11«В» Нурмагамбет Алишер қорғады. Оқушылар блиц-турнир өткізді, мақал-мәтел айтты,өлеңдер оқып, ҚР әнұранмен пезентацияны аяқтады.

Ғылыми конференция
Тақырыбы: «Қазақстанның қара алтыны»

Мектебімізде 27.01.2020 күнінен бастап «Жаратылыстану пәндері - химия, биология, география» пәндері бойынша апталық өтуде. Апталықтың 03.02.2020 күні «Қазақстанның қара алтыны» тақырыбында ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға 10-11 сынып оқушылары қатысты.

11 «Б» сынып оқушысы Жұмай Луиза «Қазақстанның мұнай кен орындарының тарихы» тақырыбында баяндама оқыды.

11 «В» оқушысы Константинова А. «Нефть: химический состав, стадии разделения,  продукты нефтепрерабротки» тақырыбында баяндама жасады.

11 «А», «Б» сынып оқушылары - Мырзахметов Мадияр: «Мұнай –газ өнімдерінің қоршаған ортаға әсері» , Амангельды Еламан: «Топырақты қайта өңдеу жолдары», Алтаева Анель: «Каспий теңізінің экологиясы» тақырыптарында баяндамалар оқыды.

«Абай» атты көркем фильмді көру

Күні: 15.11.2019 ж.

Сынып: 9 «В»

Жауапты мұғалім: Макышпекова Ж.К.

Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?»

Дата: 27.01.2019 ж.

Класс: 10 «А» 10 «Б»

Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен,әділдікпен қарау және көз қарастарын білдіру. Оқушыларды пікір айтуға ынталандыру, сауалнама арқылы пікірлерін білу.

Жауаптылар: Пермаханов Е.А. Макышпекова Ж.К. Смагулова Г.К.

«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОР РММИК» РММ – да «Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел 10 «А», 10 «Б» сыныптарының арасында өтіп, онда оқушылардың өз мемлекетіне жауапкершілікпен, әділдікпен қараулары туралы айтылды, Және пікіралмасу мақсатында оқушылардан сауалнамалар алып, пікірлерін білдік.Дөңгелек үстел өз дережесінде өтті.

Әңгіме-сұхбат
Тема: «Әлі талай жыр болып жазыларсың»

Дата: 25.01.2019 ж.

Іс-шараның қонағы кезінде Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «дене шынықтыру» факультетінде кафедра меңгерушісі, сонымен қатар мектебімізде көп жылдар бойы әдіскерлік-ұстаздық қызмет атқарып, болашақ чемпиондарымыздың азамат болуларына, өмірден өз орындарын табуға үлес қосып, бүгінде қатарымызда талмай еңбек етіп келе жатқан асыл ағамыз Нарымбетов Ерсайын болды.

Бүгінгі іс-шарада Ерсайын Бариевичтің Мұқағалидың өмірлік жары Лашын апаймен кездесуі ғана емес, сонымен қатар ақынның өлеңдеріне ән жазуы туралы айтылды.

Сұхбат барысында ақынның отбасымен жақын болған бір азаматтың бүгінде келешек ұрпақтың есіне қалдырар өнегесі мол екенін көрдік.

Әңгіме-сұхбат мектебіміздің директоры Сапашев Мәлік Әбуханұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалиева Ардақ Қазтайқызы және мектеп ұжымының қатысуымен өтті.

Әңгіме-сұхбатта Мұқағалидың өлеңдеріне жазылған Ерсайын ағамыздың әндері шырқалып, іс-шара өз дәрежесінде өтті.

Әдеби-сазды кеш
Тема: «Абай ой данасы – қазағымның панасы»

Дата: 22.01.2020 ж.

Мақсат: Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен шығармаларына шолу

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Кемелұлының бастамасымен болған челлендж бүкіл Қазақстан аумағы бойынша жүріп өткен болатын. Осы челленджге біздің мектеп те өз тарапынан үлес қосып, әр бөлім бойынша Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, әндерін, қара сөздерін бейнебаян арқылы бір-біріне эстафета түрінде жолдады.

Сонымен қатар, мектебіміздің оқушыларының қатысуымен «Абай жолы» роман-эпопеясынан көріністер көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.

Әдеби-сазды кеш өз дәрежесінде өтті.

Байқау
Тақырыбы: «Абай глазами детей»

Дата: 13.11.2019 ж.

Сыныптар: 7-11 классы

Жауапты мұғалімдер: Макышпекова Ж.К. Бапишева К.Д.

Байқаудың жүлдегерлері:

1 орын: Балабаева Софья уч-ся 8 «Б» сынып оқушысы

2 орын: Нигметолла Диас уч-ся 7 «А» сынып оқушысы

3 орын: Алмагамбет Дильназ уч-ся 10 «Б» сынып оқушысы

«Абай глазами детей» атты Абайдың шығармалары бойынша сурет байқауы өтті

Талқылауға арналған жиын
Тақырыбы: «Абайдың қара сөздері»

Дата: 21.01.2020 ж.

Сыныптар: 10«А», 10«Б»,11 «А», 11 «Б»

Жауапты мұғалімдер: Макышпекова Ж.К., Мусакулова Н.С.

Оқушылар Абайдың қара сөздерін аудиожазбадан тыңдап,өздеріңі ойларымен бөлісті.

Алтыншы сөзі

Он бесінші сөзі

Жиырма бесінші сөзі

Саяхат
Тақырыбы: «Тұңғыш Президент мұражайына»

Дата: 3-4 желтоқсан 2019ж.

Жауапты мұғалімдер: Г. Ж. Зікірияева, Д. Б. Бекежанова, Н. Я. Макашева

Тұңғыш Президент күніне орай 7-11 сынып оқушылары 2019 жылдың 03-04 желтоқсан күндері «Президент мұражайына» саяхат жасап, көрме тамашалап Елбасымыздың өмірбаянымен танысты. ҚР Тұңғыш Президентінің музейін тамашалау барысында оқушылар Мемлекет басшысының жұмыс кабинетін өз көздерімен көріп, Президент пен Қазақстан халқына сыйға берілген тартулар мен марапаттарды тамашалап, Елбасының жеке қару-жарақ топтамасын тамашалай алды. Сонымен қатар резиденциядағы ең үлкен шаңырақ іспетті әрленген Күмбезді залды, құжаттарға қол қойылып, ресми іс-шаралар өткен Алтын, Күміс залдарды тамашалады.

Мерекелік кеш
Тақырыбы: «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»

Дата: 04.10.2019 г.

Жауапты мұғалімдер: Парманова К. Ж., Мусакулова Н. С., Бекежанова Д. Б., Сихимбаева Ж. Е., Мадиева Б. Р., К., Стыбаева Г. Ж., Кошкарбаева Ж. М.

Онкүндік
Тақырыбы: «Тілім менің - тірлігімнің айғағы»

Күні: 18.09.2019 г.

Жауапты мұғалімдер: Алиева А. К., Сералимова Р. С.

Талқылауға арналған жиын
Тақырыбы: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ –ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ»

Күні: 13.09.2019 г.

Жауапты мұғалімдер: Бекежанова Д. Б., Зікірияева Г. Ж., Макашева Н. Я.

Конференция
Тақырыбы: «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы»

Күні: 12.09.2019 г.

Сыныптар: 8-11 сыныптар

Қатысты: ғылшын тілі мұғалімдері, тіл мамандары

Конференция барысында 3 баяндама оқылды және сұраққа жауап берілді.

Жауапты мұғалімдер: Мадиева Б. Р., Стыбаева Г. Ж., Кошкарбаева Ж. М., Шарипова С. Е.

Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Қазақ даласының сұңқары – Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің мәні мен маңызы»

Күні: 11.09.2019 г.

Сыныптар: 10«А», 10«Б»

Жауапты мұғалім: Смагулова Г. К.

Білім күні мерекесі
Тақырыбы: «Қ. Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ-де «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

Күні: 01.09.2019г.

Жауапты мұғалімдер: Макашева Н. Я., Умурзакова Н. Е., Шарипова С. Е.

Мерекелік кеш
Тақырыбы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

Күні: 27.09.2018 г.

Сыныптар: 7-11

Қазақ тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Алиева А. К., Стыбаева Г.

Ж., Бапишева К. Д., Шарипова С. Е.

Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу»

Күні:22.02.2018 г.

Сыныптар: 7-11

Ұйымдастырушылар: Канапьяева Э.А., Смагулова Г.К.

Дәріс
Тақырыбы: “Жастар арасындағы иммунитет жеткіліксіздігін тудырушы синдром инфекциясы туралы”

Күні: 20.02.2018 г.

Сыныптар: 9-11

Биология, география және химия пән мұғалімдері: Филько Л.В., Канапьяева Э.А., Умурзакова Н.Е., Парманова К.Ж.

“Сандар тізбегі”
сайысы

Күні: 16.11.2017 г.

Сынып:9 “А”

Математика пәні мұғалімі: Пермаханов Е. А.

Ашық іс-шара
Тақырыбы: “Қызықты жылу құбылыстар әлемінде”

Күні: 14.11.2017 г.

Сынып: 8 «А»

Физика пәні мұғалімі: Касымова К.Р.

Ашық іс-шара
Тақырыбы: “Тілдер фестивалі”

Күні: 22.09.2017 г.

Сынып:7-11 сыныптар

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Бапишева К. Д.

Дөнгелек үстел
Тақырыбы: “Менің Қазақстаным”

Күні: 20.09.2017 г.

Сынып: 9 “В”

Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалім: Маралбаева А. Р.

“Өз Отанынды білесің бе?”
атты сайысы

Күні: 19.09.2017 г.

Сынып: 7-8 сыныптары

Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Чиркова Т. Н.

“Менің сүйікті өлеңім”
атты мәнерлеп оқу сайысы

Күні: 18.09.2017 г.

Сынып: 7-9 классы

Мұғалімдер: Мусакулова Н. С., Мукашева К.М

Сыныптан тыс ашық іс - шара
Тақырып: “XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы”

Күні: 01.12.2016г.

Сынып: 11 “A”

Сынып жетекшісі: Бекежанова Д.Б.

Сыныптан тыс ашык тәрбие сағаты
Тақырып «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде: «Мен өз Отанымның патриотымын!»

Күні: 01.09.2016г.

Сынып: 9«А», 9«Б»

Сынып жетекшісі: Смагулова Г.К.

Joomla Plugins