«Олимпиец» сауықтыру – қалпына келтіру орталығы («Олимпиец» СҚКО) «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы аумағының шекарасында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы Айыртаучик көлінің жағасында орналасқан.

 «Олимпиец» СҚКО көркем жерде орналасқан, қарағай орманымен, таңғаларлық бейнесімен, жақын маңында көптеген емдік өзендерімен, оның ішінде Шалқар көлі, Имантау көлімен және тауға жақын сілемдерімен, баурайы қарағайлы орманмен жабылған.

Табиғи жер бедерінің ұқсастығына байланысты осы жерлерді «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды.

Климат жағдайы мен жер бедерінің ерекше аймағының болуы жүйке – жүрек жүйесіне, спортшылардың тыныс жүйесіне, қалпына келтіру барысында және мүшелердің функционалды дамуына өз әсерін тигізеді. 

Құрамында көптеген минералдарымен, витаминдерімен, тірек – қимыл жүйелерін қалпына келтіруге көмек беретін, жүйке жүйесі мен басқа да адам ағзасының ішкі мүшелеріне әсерін тигізетіндіктен, жергілікті тұрғындар мен туристер жазғы кезеңде Шалқар тұзды өзенінің емдік қасиетін қолданып, батпақпен емделеді.

«Олимпиец» СҚКО аумағында 24 корпус бар, оның ішінде 14 корпус – тұратын, жатын төсек жабдықтарымен, кілем төсемелерімен және керекті заттармен жабдықталған.

Тамақпен жабдықталған асхана, 150 отыратын орны бар түскі ас залымен, мәдени – демалу орталығы, футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңы, спорттық-балалар алаңы, жабдықталған жағажай, киім шешіп жуынатын дәрет бөлмелері, қойма және қосалқы бөлмелермен жабдықталған.

«Олимпиец» СҚКО барлық қонақтарды, сондай-ақ спортсмендерді жазғы маусымда біздің орталыққа келуге шақырады.

«Олимпиец» СҚКО-да жазғы демалысты ақылы қызметтерді ұйымдастыру (СҚО, Айыртау ауданы, Лобановский с/о )

 Мектеп–интернат–колледжге олимпиада резевтерін таңдау үшін және қарау мақсатында спортсмендерге жалпы дене дайындығы бойынша физикалық дайындықтарымен қоса оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, сондай-ақ ақылы түрде жазғы демалыс өткізеді.

Осы орайда, мектеп–интернат–колледж спорт түрлерінен үш маусымдық оқу-жаттығу жиындарын келесі мерзімде өткізуді жоспарлап отыр:

  1. 2017 жылдың 26 маусымынан 10 шілдесіне дейін
  2. 2017 жылдың 12 – ші 26-шы шілдесі аралығында
  3. 2017 жылдың 28 шілдесінен 11 тамызы аралығында

Жазғы демалыс кезеңінде оқу-жаттығу жиындары Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушылардың жетекшілігімен, Қазақстан Республикасының жасөспірімдер, жастар құрама командасының мүшелері болып табылатын Мектеп–интернат–колледж тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізіледі.

Сондай-ақ, жазғы демалысты ұйымдастыру шеңберінде қарау арқылы және спорттық іріктеуден өткізу барысында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне конкурстық негізде оқуға түсу жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, «Олимпиец» СҚКО-да спортпен айналысатын облыстық мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің балаларын-жасөспірімдерінің өкілдері біріккен оқу-жаттығу жиындарына қатысып және жазғы демалыстарын жақсы өткізуге шақырады.

Мекеме қамтамасыз етуге міндеттенеді:

  1. Астана қаласынан «Олимпиец» лагеріне дейін жол жүру және кері қайту;
  2. куніне 4 реттік тамақтандыру;
  3. оқу-жаттығу процестерін жоғары сапада жүргізу;
  4. демалыс және мәдени-ойын сауық іс-шараларының жоғары сапалылығы.

«Олимпиец» СҚКО-не келу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Балалар үшін - № 279 нысанындағы денсаулығы туралы жеке медициналық анықтамасының болуы;
  • Ересектер үшін міндетті түрде флюрография суреті бар жеке медициналық кітапшасы;
  • Спортсменнің жеке картасы (спортсмендер үшін).

Жазғы демалысты ұйымдастыру құны ақылы, барлық сұрақтар бойынша «Олимпиец» СҚКО-ның бастығы Н.Б. Кенжетаевқа 8 775 700 05 51 телефонына хабарласуға болады.