Кәсіби практика

«Егер адам өзі қай айлаққа жол

шеккенін білмесе, оған ешқандай

жел де жолдас бола алмайды».

Сенека.

Техникалық және кәсіби білім жүйесіндегі білім алушылар оқу процессі барысында бірсыпыра ұзақ уақытты алатын өте маңызды кезеңнен өтеді – ол кәсіби практика. 

Белгілі бір тәжірибе алмайыншы жақсы маман болу мүмкін емес екені бәріне де белгілі. Осындай тәжірибені студенттер өздері таңдап алған мамандықтары бойынша өтетін практика барысында алады.

06.03.2019 жылы студенттердің 2018-2019 оқу жылындағы практика нәтижесі бойынша конференция өтті. Конференцияға директордың спорт жөніндегі орынбасары Д.А. Садырбаев, директордың кеңесшісі Т.С. Нұрсейітов, колледж әдіскері Г.И. Борашева, арнайы пәндер бойынша оқытушылар, практика жетекшілері және барлық топтардың студенттері қатысты.

Конференцияның мақсаты - 1, 2, 3 курс студенттерінің ДТжС–18-01, ФКиС–18-02, ДТжС–17-01, ФКиС–17-02, ДТжС–16-01, ФКиС–16-02 топтарындағы өткен практика нәтижесін қорытындылау, студенттердің практика барысында алған тәжірибелік біліктіліктің нәтижелілігі мен спорт бойынша оқытушы-жаттықтырушының негізгі жақсы қасиеттерін айқындау және бағалау.

Модератор ретінде практика жетекшілері С.Е. Шарипова және дене шынықтыру пәні мұғалімі Р.Н. Утегалиев, 9 «Б» сынып жетекшісі Е.А. Пермаханов сөз сөйледі. Осы орайда кәсіби практиканы ұйымдастыру мәселелері қаралып, оны жетілдіру жолдары ұсынылды.

Өз есептерімен колледіжіміздің студенттері Рахмет Ердос, Миралы Меруерт ортаға шықты. Олар тек қана практиканы қайда, қалай өткендерін айтып қоймай, өздерінің үйренгендерін экранда презентация арқылы көрнекі түрінде көрсете де білді. Сонымен қатар Зеленова Кристина өзінің қызықты да мазмұнды презентациясында видеоролик арқылы практика өту барысында бұдан бұрын алған теориялық білімін алдына қойған мақсатын орындауда қаншалықты қолдана білгенін көрсетті.

Кәсіби практикада атқарылған жұмыс есебімен практика жетекшісі Ш.М. Таева сөз сөйледі. Ол оқу процессіне кәсіби практиканың жаңа форматтағы жұмыс бағдарламасын, сынақтық тізімдемесі мен күнделіктерін құрастырып енгізу керектігіне, сонымен қатар бірнеше ұйымдармен 15-тен артық үш тараптық шартқа отыру туралы толық тоқталды.

Әрі қарай модераторлармен колледж студентеріне әртүрлі педагогикалық жағдаяттар беріліп, оған жауап беру барысында студенттер өздерінің ойларын ұшқырлап жеткізіп қоймай, сонымен қатар өздерінің идеяларын ортаға салды, оны дәлелдей білді. Бұл оларға біліктіліктеріне талдау жасап, өз істеріне баға беруге, жағдаяттарды өмірмен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Конференция нәтижесін қорытындылай келе, тілек сөзбен директордың спорт жөніндегі орынбасары Д.А. Садырбаев пен колледж әдіскері Г.И. Борашева сөйледі. Келешек тәжірибелі қызметке студенттер өздерін біздің колледжіміздің қабырғасында дайындау, барлық оқытылатын пәндерге үлкен қызығушылықпен және жауапкершілікпен қарап, өздерінің зияткерлік деңгейлерін жоғарылату керектігін, шығармашылық белсенділік көрсетіп, жеке тәжірибесін кәсіби қызметте қолдана білуге үйрену керектігін айтты.