Курстық жұмысты қорғау

Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінің 2019 жылғы түлектерінің арасында оқу мекемесінде білім алудың қорытынды кезеңінде өткізілетін курстық жұмысты қорғау шарасы жүргізілді.

Студенттермен орындалатын курсттық жұмыстарды (жобаларды) қорғау келесі мақсаттармен жүргізіледі:

  • берілген тақырыпқа сәйкес теориялық білімді тереңдету;
  • қойылған сұрақтарды шешу барысында теориялық білімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
  • анықмалық, нормативтік және құқықтық құжаттаманы қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
  • студенттердің шығармашылық ынтасын, жауапкершілігін және ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
  • қорытынды аттестаттауға дайындық.

Курстық жұмыстарды орындау барысында келешек мамандарға кәсіби қызмет саласымен байланысты кешенді тапсырмаларды орындауда алынған білім мен дағдыларын тиімді қолдана білу бойынша даярлық жұмыстары шыңдалады.