Кәсіби даярлықты, біліктілікті растау мен беру сапасын тәуелсіз бағалау.

2019 жылдың 5-ші сәуірінде колледж тулектерінің кәсіби дайындық  сапасын бағалау, мақсатына  тестілеу жұмыстары өткізілді. Бұл шара біліктілікті растауда және  беруде мамандардың дайындық деңгейінің біліктілік талаптарына сай болуын бақылау үшін жүргізіледі. Біліктілік емтихандарын тәуелсіз біліктілік комиссиясы өткізеді, оның құрамына білім беру ұйымдарының, жұмыс берушілердің өкілдері қатысады.

Тестік және практикалық емтихандарды өткізгеннен кейін түлектердің көрсететін негізгі іскерлік пен дағдылары маманды даярлаудың кәсіби талаптарына сәйкес келуі керек.

Теориялық және практикалық емтихандарды өткізгеннен кейін біліктілікті беру туралы мемлекеттік үлгіде сертификат беріледі.