Олимпиада резервінің мамандандырылған колледжінде 2018-2019 оқу жылының басталуы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2018-2019 оқу жылына 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 0103033 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша білім алушыларды қабылдау жүзеге асырылды. Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша күндізгі оқу бөлімінің бірінші курсына 40 студент қабылданды, қазіргі таңда колледжде барлығы 120 адам білім алуда.

Колледждегі оқу-тәрбие жұмысының мақсаты – оқытушылардың педагогикалық біліктілігін үнемі жетілдіру арқылы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» №1080 Қаулысына сәйкес, болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда қажетті сапалы теориялық және практикалық білім беру.

Білім беру процессінің оқу-әдістемелік қамсыздандырылуы құрамы педагогика ғылымдарының докторлары, доценттер, магистрлар және жоғары біліктілік санаты бар оқытушылардан тұратын педагогтар ұжымының қоятын мақсат-міндеттеріне жауап береді.

Колледждің педагогикалық ұжымы еңбек тәртібіне деген жауапкершілігімен, кәсіби шеберлікті арттыруға, білім берудің заманауи талаптарына сәйкес теориялық және тәжірибелік білім беру үрдісін үнемі жаңартып отыруға деген ұмтылысымен ерекшеленеді.

Колледждің материалды-техникалық жабдықталуы қазіргі заман талаптары мен барлық стандарттарға сай.

Колледж студенттеріне оқу жылы 1-қыкүйектен басталып, 1-шілдеде аяқталады. Демалыс мерзімі 11 аптаны құрайды, оның 2 аптасы қысқы емтихан сессиясынан кейін. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқыту мерзімі 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай құрайды.   Білім алу нысаны – күндізгі.