Білім беру сапасын тәуелсіз бағалау

Мекеменің білім беру қызметін жүзеге асыру барысында білім беру нәтижесіне  үнемі ішкі сараптамамен қатар сыртқы сараптама жүргізу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Кəсіптік даярлық деңгейін бағалау жəне мамандығы бойынша  біліктілікті беру мақсатында колледждің бітіруші түлектері арнайы пәндер бойынша теориялық және практикалық тестілеуден өтеді. Қорытынды тестілеуден өтпес бұрын болашақ мамандар екі рет сынақ тестін тапсырады. КДДБ қорытындысы бойынша біліктілік комиссиясының шешімі негізінде біліктіліктің тиісті деңгейлері және белгіленген нысандағы сертификат беріледі.