Олимпиада резерві колледжінің оқу-әдістемелік жұмысы

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010303 3 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша білім алушыларды қабылдау техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде уәкілетті органы келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Колледждегі оқу-тәрбие жұмысының мақсаты - оқытушылардың педагогикалық біліктілігін үнемі жетілдіру арқылы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» №1080 Қаулысына сәйкес, болашақ бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда қажетті сапалы теориялық және практикалық білім беру.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010303 3 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша білім алушыларды қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актісімен бекітілген білім деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 Қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгі қағидаларына» және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттар-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» № 69 бұйрығына, Үлгілік қабылдау ережелері бойынша әзірленген мемлекеттік мекемеге қабылдау ережесіне сәйкес конкурстық негізінде жүзеге асырылады.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 010303 3 – «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша күндізгі бөлімінің оқу тобы 25 адамнан аспау тиіс.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша оқыту мерзімі 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай құрайды. Білім алу нысаны – күндізгі.

Оқу үрдісі 3 курс бойынша келесі бағыттарды қамтиды:

  • теориялық оқыту;
  • емтихан сессиясы;
  • өндірістік іс-тәжірибе (оқу, өндірістік, диплом алдындағы);
  • қорытынды аттестация;
  • демалыс;

Колледжде сабақ үрдісі дәстүрлі балдық деңгейде анықталады.

Білім алушылардың үлгерімі, ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау үрдісі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған бiлiм алушылар педагогикалық кеңестiң шешiмi бойынша, мемлекеттік мекеме басшының бұйрығымен оған белгiленген үлгiде анықтама берiлiп, мемлекеттік мекемеден шығарылады.

Болашақ мамандарды даярлау сапасын жоғары білікті оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді, педагогикалық құрам үнемі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап отырады.

Колледждің материалды-техникалық жабдықталуы қазіргі заман талаптары мен барлық стандарттарға сай. Оқу үрдісі жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану арқылы жүзеге асады. Оқу дәрісханалары студенттерге тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін техникалық және әдістемелік материалдармен жабдықталған.

№ 106 дәрісхана

«Қазақстан тарихы»

№ 104 дәрісхана

«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі»

№ 103 дәрісхана

«Психология және спорт психологиясы»

№ 102 дәрісхана

«Анатомия, физиология және дене шынықтыру гигиенасының негіздері»

№ 101 дәрісхана

«Педаогика»