«Таңдалған спорт түрінен жаттықтырушыны кәсіптік даярлау негіздері» пәні бойынша өткізілген ашық сабақ
Тақырыбы: ««Жаттықтырушы ретінде спортшының жеңіске жетуін ынталандыру шаралары»

Күні: 04 .04.2018 ж.

Курс: І, группа ДТжС -17-01

Мамандық: «Дене шынықтыру және спорт»

Оқытушы: Мунсызбаева Ж.А.

Мақсаты:

  • білімділік: жаттықтырушы мен спортшы арасындағы байланыс пен қарым-қатынасты дамыту арқылы тәрбиелеу мен білім беру;
  • дамытушылық: әр түрлі тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлау аясын кеңейту және топтарының ой пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету;
  • тәрбиелілік: студенттерді елін, жерін сүюге, адамгершілікке, достыққа және салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.